Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет42/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113
Аппараттық үйлесімділік бойынша аппараттық платформаларды ажыратады. ДК саласында екі аппараттық платформалар кең қолданылады: IBM PC және Apple Macintosh. Таралуы тек бөлек аудандар немесе бөлек салалармен шектелетін олардан басқа да платформалар бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жататындығы араларындағы үйлесімділікті арттырады, ал әр түрлі платформаларға жатуы керісінше ықпал етеді.
Аппараттық үйлесімділіктен басқа үйлесімділіктің басқа да түрлері бар: операционды жүйе деңгейінде үйлесімділік, бағдарламалық үйлесімділік, деректер деңгейінде үйлесімділік.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ




  1. компьютердің аппараттық құраушыларын таңдау ережелерін құрастырыңыз және айтып жеткізіңіз.

  2. Монитор таңдаудың қандай шарттарын білесіз?

Жұмыс дәптері №11
Серверлердің жіктелуі мен құрылғысы. Негізгі блоктар, функциялары мен техникалық сипаттамалары

Сервер – Жалпы ресурсқа (файлдарға, принтерлерге, деректер қорына, қосымшаларға және т.б.) қолжетімділікті қызмет көрсетуге арналған желідегі құрылғы.
Орындайтын қызметіне және арналуына байланысты серверлерді келесідей жіктеуге болады.
Файл-сервер. Желідегі барлық компьютерлердің қолжетімділігі бар сыйымдылықтары үлкен дисктер. Осылайша компьютерде бар дисктерге серверге қосылған соң тағы бірнешеуі қосылады. Мұндай жүйенің артықшылығы айқын: ақпарат қызметкерлердің компьютерлеріне лақтырылмай, орталықтандырылып сақталады; ол серверге қосылған кез келген компьютерден қолжетімді (бұл алшақ орналасқан компьютерлер де болуы ықтимал) және қолжетімділіктен сенімді қорғаныста. Сервердің тағы маңызды артықшылығы оның ақпараттарды сақтауда аса жоғары сенімділігі, өйткені серверлер ақаулардан кез келген дербес компьютерлерден жақсы қорғайды. Тіпті сервердің қандай да бір дискісі істен шықса ақпаратты сервермен жұмыс жасап отырғандарға кедергі келтірмей толық қалпына келтіру тәсілдері бар.
Принт-сервер. Бұл сервер оған қосылған компьютерлердің бәріне бір немесе бірнеше ортақ принтерлерден құжаттарды басып шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр компьютерді өзінің жеке принтермен жабдықтау қажеттілігі жойылады. Оның үстіне құжатты баспаға шығару жұмысын өзіне алған принтсервер компьютерді әрі қарай жұмыс жасауға босатады.
Басуға жіберілген құжаттарды принт-сервер өз қатты дискінде сақтайды, оларды кезекке қойып, принтерге кезектеріне сәйкес шығарып отырады.
Факс-сервер. Бұндай сервер факстық аппаратты алмастырады. Факссервер көмегімен кез-келген компьютер факсимильді хабарламаны оны алдын ала қағазға баспай-ақ жібере алады. Принт-сервер жағдайындағыдай факссервер факс жіберуге өтініштерді қабылдап өзінде сақтайды, ал тікелей жіберумен телефон желісі босағаны бойынша айналысады. Келген факстер адресат сұрата алатын серверде сақталады немесе адресат компьютеріне тіке барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет