Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Алыстан қолжетімді сервер



бет43/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   113
Алыстан қолжетімді сервер. Ол компьютерге кеңсе желісімен телефон жолағы арқылы байланысу мүмкіндігін жасайды. Ноутбукпен алыс жерде орналасқан кеңседен қажет файлды алуға, қолданушының электронды почтасына ақпарат келген келмегенін тексеруге болады – бір сөзбен айтқанда кез келген қажет ақпаратты алуға болады. Байланыс каналдары жақсы болғанда кеңседе немесе басқа жерде жұмыс жасағанның арасында еш айырмашылық болмайды.
Почталық сервер. Қазіргі таңда ішкі электронды почта маңызды байланыс құралы, тіпті телефоннан да маңыздырақ. Пошталық сервер пайдаланушыны Интернет арқылы барлық әлеммен байланыстыра алады, бұл жағынан әрине ол таптырмайды. Пошталық сервер желіден кіріс хабарламаны алып, хабарламаларды іштей сұрыптап, шығыс хаттарды жіберетін қарапайым сервер бола алады. Сонымен қатар, бағдарламалық антиспам – және сервистер-артивирусы, хабарламалардың өте көп көлемін сақтай алатын аппараттық файлдық архив секілді бойына көп қызметтерді жүктей алатын күрделі жүйе де бола алады.
Деректер қоры сервері. Деректер қоры сақталатын файл-сервердің бір түрі. Оған сұратылымдардың өте көп санын тез өңдеу үшін жақсы оперативті жүйе және ең тез қатты дисктер қажет. Дисктік жүйе үшін ақпаратты іздеу уақыты білінеді, деректерді жіберу жылдамдығы емес.
Веб-сервер. Бұл сайттарға арналған сервер. Сайтқа байланысты мұндай сервер ресурсы деректер мен процессорлар арасында өзара бөліне алады. Сайт құруда server-side тілдерін пайдалану процессорға күш түсіріп жіберуі ықтимал, ал статистикалық парақтарды пайдалану – деректерді сақтау жүйесіне теріс әсер етеді. Бұндай сервер ресурстарын сайт құру кезеңінде жақсылап жоспарлау қажет:
мысалы, шағын көлемді танымал материалдарды ЖЖҚ орналастыру, ал үлкен файлдарды сурет немесе бейнекөрініс қатты дисктерге немесе сыртқы массивте орналастыру керек. Қандай жағдай болмасын бұндай серверге Интернетпен жақсы шығыс байланыс керек.
Қосымшалар сервері. Қолданбалы бағдарламалар орындалатын сервер. Өзі арналған бағдарламаларға тәуелді оның сипаттамалары әртүрлі бола алады, бірақ оның ең маңызды бөлігі әрқашан бағдарламалық қамтылым және операциондық жүйе болады. Бұл сервер бір бағдарламаларды қосуға қолданылуы мүмкін және барлық жіберілген қолданушылардың қисынсыз бағдарламаларын іске қоса алады. Бағдарламалық қамтымның көп мәселелікке назар аударып, операциондық жүйеде орын алатын шиеленістік жағдайларды жою қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет