Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет58/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

104



Компьютерді тек қана жерленген розеткаға жалғауға кеңес беріледі. Жүйелі түрде құрылғыны аптасына бір рет сүртіп отыру керек.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта және периферийлік құрылғыны құрғақ шүберекпен, ал неғұрлым әсер алу үшін арнайы тазалайтын сулықпен сүрту керек. Корпус пен мониторды тазалау үшін аэрозоль, еріткіштер және түрпілі материалдарды қолдануға болмайды. Корпус немесе монитордың ішіне былғаныш пен ылғал кіруіне жол бермеу керек. Қажетіне қарай шағын шаңсорғышты қолдану керек. Компьютерлік USB-шаңсорғыш компьютердің пернетақта, жүйелік блок, монитор және т.б. тазартуға арналған (1.68-сурет).
Монитордағы, жүйелік блоктағы және басқа құрылғылардағы желдеткіш саңылаулар ашық, еш нәрсемен жабылып қалмауы керек, өйткені бұл саңылаулар ауа алмасуын қамтамасыз етеді және техниканы қызып кетудің алдын алады.
Тамақ өнімдері мен сусындарды компьютерден алыс ұстаған жөн, себебі олардың түсіп кетуі техниканың істен шығуына алып келуі мүмкін. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін ажыратқыш, ауыстырып-қосқыш, кернек пен басқа да реттегіштерге ылғал тигізуге жол бермеу керек.
Принтер берік бірбеткей жазықтықта орналастырылуы керек және әртүрлі вибрация және соққыға ұшырамауы керек. Принтердің орналасқан жері тура күн сәулелерінен, жылу көздерінен, ылғал мен шаңнан қорғаныста болуы керек. Принтер орналасқан жерді қоршаған орта темперетурасы + 10 °С -тан + 32,5 °С -ге дейін болуы керек, қатысты ылғалдылық конденсациясыз 20 % дан 80 % -ға дейін болады.




Принтердің электрлік қоректенуі айнымалы тоқ желісінен 50 Гц (±1Гц) жиілікпен, 220 В (±10 %) кернеумен жүзеге асады. Үздіксіз қорек көзіне (ҮҚК) қосылу үшін қажет:



ҮҚК алдыңғы панеліндегі қуат көзіне қосу батырмасын басып, оны 5с бойында (ҮҚК серверлері үшін 3 с жеткілікті) ұстап тұру. PLUS фирмасының ҮҚК-де ажыратқыш ҮҚК-нің артқы панелінде орналасуы мүмкін және батырма ретінде емес ажыратқыш ретінде орындалады;



ҮҚК-нің жұмыс режиміне өтуін күту (лампочка со знаком «~» белгіленген кішкене шам бірдей жасыл түспен жануы керек және ҮҚК-нен ешқандай дыбыс шықпауы керек).
ҮҚК ажырату үшін қажет:



ҮҚК алдыңғы панеліндегі батырманы басып, оны 5с бойы ұстап тұру (ҮҚК серверлері үшін 3 . .. 4 с жеткілікті). PLUS фирмасының ҮҚК-де ажыратқыш ҮҚК-нің артқы панелінде орналасуы мүмкін және батырма ретінде емес ажыратқыш ретінде орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет