Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Құрауыштар тізімінде Windows құрауыштары таңдалады, ал Құрамы



бет66/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Құрауыштар тізімінде Windows құрауыштары таңдалады, ал Құрамы түймешесі берілген сұхбаттан қондырылатын құрауыштар тізімін көрсетуге мүмкіндік береді. Қажетті құрауышты қондыру үшін тізімдегі сәйкес келетін элементінің жалаушасын қондыру қажет.
Сұхбаттың төменгі бөлігінде Windows – ң таңдаулы құрауыштарын талап ететін көлем, сондай-ақ жүйелік дискідегі бос орынның көлемі көрсетілетіне назар аударған жөн.
Қажетті құжаттар таңдалған соң, қондыру процесін бастау үшін бұдан әрі түймесін басу керек. Бұл процестің жүрісі, Windows-ң қосымша құрауыштары қондырылуының орындалуы бейнеленетін сұхбаттың пайда болуымен бірге жүреді.

Windows құрауыштарын өшіру ұқсас келеді, бірақ бұл жағдайда құрауыштар тізіміндегі жалаушаларды түсіру қажет. Windows-ң кейбір құрауыштарын орнату үшін, қондырушы компакт-диск қажет болуы мүмкін. Диск енгізгішке компакт-дисканы салыңыз және ОК түймесін басыңыз. Windows XP операциялық жүйені тек компакт-дискіден емес, компьютер қолданушының қатқыл дискіде орналасқан кез келген папкадан, сондай-ақ желілік дискіден да қондыруға болады. Бұл жағдайда компакт-дискінің қойылғаны туралы сұхбат пайда болғанда, ОК түймесін басу қажет. Қондырылған папкаларға жолды көрсететін сұхбат пайда болады. Одан кейін пайда болған сұхбатта қажетті папканы таңдау үшін Шолу түймесін басу қажет.
Егер Windows XP-ты қондыру жаңа компьютерге емес, қондырылған Windows 98 немесе Windows MЕ жүйелерінің үстіне қондыру керек болса, онда бағдарламаны қондыру және өшіру үшін сұхбатта Windows қондырғысын болдырмау үшін түйме пайда болады. Қондырғыны болдырмауды орындағаннан кейін, алдыңғы Windows нұсқасына кері қайтқан жөн.
Назар аударыңыз! Бұл кезде Windows XP қондырылған құрылғылар мен бағдарламалар, Windows көне нұсқасының басқарылуымен де жұмыс жасауды жалғастыра береді.
Microsoft.NET Framework 3.0. Microsoft.NET Framework 3.0, сондай-ақ
WinFX деп аталатын құрауыштары, өзімен бірге Windows Presentation Foundation, веб-сервистерге арналған платформалар, сондай-ақ Windows Workflow Foundation және Windows CardSpace (Басқару панелі аттас папкалар белгісі) презентациялар жүйесін құрайтын API жиынтығын ұсынады.
Бұның бәрі арнайы Windows Vista әзірленуші келесі буынға арналған қосымшалардың іргетасы болып табылады.
Telnet-сервер құрауышы. Ол өшірілген қолданушының берілген компьютерге және оны telnet. exe бағдарламасының көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін Telnet (файл tlntsvr. exe) қызметін құрайды.
ДК планшетттеріне арналған қосымша құрауыштары. Бұл құрауыш қаламұшпен және басқа да планшетті компьютерлік элементтермен жасалатын жұмысқа арналған файлдар жинағын ұсынады.
Ойындар. Бұл құрауыш %programfiles%\Microsoft Games папкасынан, сондай-ақ CardGames dll. кітапханасынан ойындар жинағын ұсынады. Ол жобамен қатқыл дискінің 111 Мбайт бос орынды алады. Сонымен қатар операциялық жүйенің стандартты ойындарын және кейбірін өшіруге болады. Ойындар операциялық жүйенің құрауыштары болып саналады және келесі аттарға ие: Solitaire, SpiderSolitaire, Hearts, FreeCell, Minesweeper, PurblePlace, CardGames, Chess, Shanghai және Inkball.
TFTP тұтынушысы. Ол жалғыз tftp. exe – орындалушы файлды ұсынады. Бұл файл Windows XP операциялық жүйеден таныс болуы керек. Егер ол онда әдепкі бойынша кезіксе, онда оны Windows Vista-та жеке орнату қажет. Берілген бағдарлама қашықтағы компьютерге файлдарды жіберу үшін арналған (немесе керісінше).
UNIX-қосымшаларына арналған жүйе бөлігі. Бұл құрауыштың UNIX құрамынының операциялық жүйелеріне арналып жазылған бағдарламаларды қосуға және қондыруғаболады. .
Құрауыштармен жұмыс. Операциялық жүйенің қондырылатын немесе өшірілетін құрауышы таңдалған соң OK түймесін басу қажет, сәйкесінше таңдалған құрауышты қондыру немесе өшіру процесі басталады. Бұл процесс автоматты түрде жүреді және ешқандай іс әрекетті қажет етпейді. Құрауышты қондыру немесе өшіру процесі кезінде, қондыру бағдарламасы әлдеқандай іс- әрекетті орындай алмайтын болса, онда компьютерді қайта жүктеу қажеттілігі туралы саңлау көрінеді. Берілген іс-әрекет келесі қосылу кезінде орындалатын болады. Бұл жағдайда кейінге қалдырылған әрекеттер жайында мәліметтер, %systemroot%\WinSxS папкасында орналасқан pending. Xml файлына, ал REG_MULП_SZ-түріндегі SetupExecute параметрі, HKLM\SYSTEM\ тізілім тармағына жазылады.

CurrentControlSet\ControlSet001\Control\SessionManagerr – poqexec. exe\SystemRoot\WinSxS\pending. xml мәніне енгізіледі.
Құрауыштарды қондыру немесе өшіру процесінің қалай өткендігі туралы мәліметтерді, %systemroot%\logs папкасындағы CBS. log файлынан көруге болады.
Операциялық жүйенің құрауыштарын қондыру немесе өшірудің алдында, әрқашан қалпына келтіру нүктесін құру орындалады. Сондықтан, операцияларды орындауы кезінде жаңылу орын алса, Іске қосу, анықтама және қолдау, жүйені қалпына келтіру көмегімен өзерістерді болдырмау ( 2.2 -сурет) көмегімен құрылған нүктеге қайта оралған жөн.
Кейде құрауыштарды қондыру немесе өшіру кезінде компьютер қатып қалуы мүмкін және егер құрауыштарды қондыру немесе өшіруді аяқталуын күтпей, компьютерді қайта жүктесе, онда келесі операциялық жүйені іске қосқанда, Windows Құрауыштары терезесі бос болуы мүмкін. Бұл осы саңлаудың негізінде құрылған мәліметтер қате немесе зақымдалғанын білдіреді. Бұл жағдайда, бәрі өз орнына келуі үшін, қайта келтіру нүктесін пайдалану жеткілікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет