BIOS FEATURES SETUP пунктін таңдаңыз (BIOS параметрлер бабы). Enter пернесін басыңыз.
Ашылған терезеде, қай дискіде компьютер қосылуы басталғанын тексеріңіз. Қосылу тізбегі BOOT SEQUENCE пунктінде беріледі Page up және Page down пернелерінің көмегімен, сол компьютердің қосылу мүмкіндігі нұсқаларын қарап шығыңыз. С қатқыл дискісінен басталатын, қосылу нұсқасына: (ол жұмыс жағдайында қолданылады), және CDROM – да басталатын қосылу нұсқасына ерекше мән беріңіз (ол егер қатқыл дискідегі жүктелім, қандай да бір себептермен мүмкін болмаса, компьютердің жұмысқа қабілеттілігін қайта орнату үшін қолданылады).
Typemating Rate Setting пунктіне назар аударыңыз – гере ол қосулы болса (Enabled), онда BIOS бабы жолымен, пернетақтаға арналған символдарды автоматты қайталау қызметі бабын басқаруға болады. Бұл жағдайда, уақыт интервалы қайталау бастамасына дейін, миллисекундпен өлшенетін Typemating Delay (қайталау алдындағы кідіріс)парамерінің қондырғысымен анықталады, ал қайталау жиілігі белгідегі секундпен өлшенетін Typemating Rate (қайталау жиілігі) параметрінің қондырғысымен анықталады.
Esc пернесін басып алдыңғы мәзірге оралыңыз.
Өзгерістер нәтижесін сақтамай SETUP бағдарламасымен жұмысты аяқтаңыз. Ол үшін Esc пернесін басыңыз және сұранысты қабылдаған кезде, өзгерістерді сақтамай Y (Yes – Иә) пернесін басып, шығуды растаңыз.
Жасалған жұмыс туралы есеп жасаңыз.
2 Кіріспе
Операциялық жүйелер құрауыштарының бабы
2.1.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ҚҰРАУЫШТАРЫН ОРНАТУ ЖӘНЕ ӨШІРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Компьютерде Windows операциялық жүйесін орнату кезінде, қандай бағдарламалар қондырылады, ал қандайы қондырылмайтынын таңдау мүмкіндігі жоқ. Әдепкі бойынша қондырғының стандартты нұсқасы қабылданған және ол автоматты түрде орындалады. Алайда бұл жағдайда пайдалы бағдарламалар мен құрауыштар қатары қондырылмайды. Жұмыс процесінде Windows – ң жетіспейтін құрауыштарын қондыруға болады.
Windows Vista операциялық жүйесінің құрауыштарын қондыру мен өшірудің ең қарапайым тәсілі, WindowsҚұрауыштары терезесін пайдалану болып табылады. Бұл терезе Басқару панелі (Бағдарламалар және құрауыштар белгісі, одан кейін Құрауыштарды қосу және сөндіру сілтемесі), папкасынан немесе optionalfeatures. exe файлы орындалуының көмегімен шақырылады. Windows Vista құрауыштары:
\system32\optionalfeatures. Exe папкасында орналасқан.
Операциялық жүйенің құрауыштарын қондыру үшін Windows XP терезесі Басқару панелі (Бағдарламаны қондыру мен өшіру белгісі, одан кейін Windows құрауыштарының шебер сілтемесі) папкасынан шақыруға болады. (2.1-сурет).