Жергілікті желіні жаңарту себептерін атап шығыңыз.
Жаңартылған жергілікті есептеуіш желіні тұрғызу нұсқасы қандай мағына береді?
Желі өнімділігін қандай жолмен арттыруға болады?
3.8.
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ
Ақаулықтардың жіктелуі. Жөндеуге кірісерден бұрын ақаулықтың түрін анықтап алу керек. Себебі компьютердің сынуы бағдарламалық (бағдарламалық жабдық жұмыс жасауын тоқтатқанда), сондай-ақ аппараттық (қандай-да бір деталь істен шықса) болуы мүмкін.
ДК аппараттық жаңылу – субъективті себептердің, пайдаланушының дұрыс емес немесе әрекетсіздігі нәтижесінде дербес компьютердің немесе басқа құрылғылардың блоктары істен шығатын жағдай. Оларға мыналар жатады: аналық тақта; қоректену блогы тұратын компьютер корпусы; процессор; ақпарат жинақтауыш – қатқыл диск (винчестер); видеокарта; CD-ROM; жедел жады; кулер; монитор; басқа құрылғылар (пернетақта, тышқан, принтер, сканер).
Қателерді жою үшін келесі әрекеттеді орындау қажет:
■ абайсызда жалғағыштардан суырылып кететін кабельдерді,
жалғағыштарды және басқа элементтерді тексеру;
өлшеуіш аспаптардың көмегімен компьютер қоректенуін тексеру.
Тұрақсыз қоректену кенеттен қайта жүктеулердің, монитордың жыпықтауы немесе толықтай қатып тұруының себебі болуы мүмкін; ■ жады модульдерінің орнату сапасын тексеру.
ДК бағдарламалық жаңылу – компьютерде орнатылған бағдарламалық жабдықтың жарамсыздығы. Әдетте ол мынадан көрінеді:
■ Windows операциялық ортасы және өзге операциялық қабықтар толық жүктелмейді немесе әртүрлі қателер беріп жүктелетін болады;
■ кейбір бағдарламалар дұрыс жұмыс жасамайды, олардың жүктелуі «әдеттегідей» емес, стандартты емес режимде жүреді;
■ бір бағдарлама жүктелгенде компьютер «қатып қалады» – бірде-бір командаға әсер етпейді;
■ пайдаланушының типтік командалары бағдарламаларды стандартты емес орындалуына әкеліп соқтырады;
■ компьютер елеулі түрде жылдамдығын азайтады, көптеген бағдарламалардың жұмысы баяулайды.
Компьютерді диагностикадан өткізу бойынша кеңестер. Ең алдымен ДК қосылу кезіндегі тәртібіне назар аудару керек.
Жүйелік блоктағы шамдар жанбайды, дыбыстық сигнал берілмейді.
С е б е б і: қоректену кернеуінің болмауы.
І с - ә р е к е т т е р : желілік розеткадағы кернеудің болуын және желілік сымның жүйелік блок жалғағышындағы байланыстың беріктілігін тексеріңіз.
Жүйелік блокта шамдар жанып тұр, мониторда бейне шықпайды, үзік-үзік дыбыстық сигнал беріледі.
С е б е б і: BIOS алғашқы тексеру кезіндегі құрылғының жаңылуы.
І с - ә р е к е т т е р : жүйелік блокпен берілетін сигналдар санын санаңыз. AWARD фирмасының BIOS дыбыстық сигналдары:
■ жалғыз қысқа сигнал – жүйе ақаусыз;
■ жалғыз ұзын сигнал және жүйелік блоктың сөнуі – AWARD BIOS қауіпсіздік жүйесі іске қосылады.
■ қос қысқа сигнал – монитор қатесі. Оның жүйелік блокқа қосылу дұрыстығы мен беріктігін тексеріңіз. Егер жеке желілік баусым болса – розеткаға немесе монитордың өзіне тікелей оны қосу;
■ жалғыз ұзын, үш қысқа сигнал – видеокарта табылмады немесе видеожады ақаулы;
■ мезгілді ұзын сигналдар – ЖЖҚ анықтау қатесі (жедел жады);