кездері жүйені дыбыссыз ерекшеліктерге ие болатын сумен салқындату жиі қолданыла бастады.
Кастом сияқты моддингтің мұндай саласы корпустарды басынан бастап дайындаумен айналысады. Корпустарды пластиктан, металдан және ағаштан да дайындауға болады. Дайындау қандай да бір стандарттармен шектелмеген: өлшемдерінде де, пішіндерінде де. Қуат беру блогының моддингі корпусты түрлендіру кезіндегідей әрекеттерден тұрады. Оны өзгерту қолдану кезінде және салқындату жүйесін жақсарту кезінде қолайлылықты арттыру үшін қолданылады.
Түрлендіруге тышқан мен пернетақта да жатады. Құрамдас бөліктерінің түрін өзгертуді тышқанның (сур. 3.16), сондай-ақ пернетақтаның (сур. 3.17) көмескі жарығы түрінде де болады.
Сур. 3.16. Тышқанның көмескі жарығы Сур. 3.17. Пернетақтаның көмескі жарығы
Сондай-ақ олар жасалған материалды ауыстыру да мүмкін: әдетте ол пластмасса, бірақ ағаштан да жасауға болады. Пернетақта мен тышқанның бетін карбон текстуралы винильді қабықпен жапсыруға болады. Пернетақтамен біріктіруші қарапайым баусым орнына неон баусымды қояды.
Қарапайым көріністерде моддингті өз қолымен жасауға болады. Арнайы дүкендерде моддингке арналған құралдар мен аксессуарлар сатылады. Жинаққа әдетте кесуге арналған трафарет, резеңке моддинг – нығыздауыш кіреді. Ішкі көмескі жарық жасау үшін неон шамын, кулер айналымдарының реттегішін, жарықдиодты желдеткіштерді, мониторинг жүйелерін, желдеткіштерге арналған торларды және IDE-шлейфтері бар LCD мәтіндік дисплейлерді сатып алуға болады.
Сыртқы көмескі жарықты өз қолымен орнату қиыншылық тудырмайды. Ол үшін екі түрлі неон шамдарын пайдаланады: шыны және полимер трубкалар түрінде. Оларды корпустың беттік және жақтық қабырғаларына, сондай-ақ сымдарға орнатуға болады Жарық диодтарды белгілі бағдарлама бойынша және сүйікті әуен ырғағымен жылтылдайтындай етіп қоюға болады.
Моддинг техникасы барлық компьютерлік жабдықтарды «жаулап алды». Және ол usb-флешканы да айналып өтпеді. Олардың сыртқы келбетін түрлендіру үшін жемістер, ойыншықтар, дене мүшелері, бөтелкелер, тығындауыштар түрінде шығара бастады. Мүмкін флешканың моддингі тиімді жағынан қарастырылып отыр. Пластмасс корпустар талай сынады, сондықтан оларды мықтырақ етуді ойластыра бастады.