Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Ерекшеленген  интерфейстер



Pdf көрінісі
бет111/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   233
Ерекшеленген  интерфейстер
  адаптердың  (контроллер)  бір  портына 
(қосылу нүктесі) тек қана бір құрылғыны қосуға мүмкіндік береді; қосылатын 
құрылғылар  саны  порттар  санымен  шектелген.  Мысалдар    –    СОМ-порты, 
VGA-монитор интерфейсі, AGP порты, Serial SCSI интерфейсі. 
Ажыратылатын  интерфейстер
  адаптердың  бір  портына  көптеген 
құрылғыларды  қосуға  жағдай  туғызады.  Физикалық  қосу  нұсқалары  сан 
алуан:  шина  (PCI  сияқты  қатты;  IDE/  ATA  кабельдік  шина),  құрылғылар 
тізбегі  (daisy  chain)  (SCSI,  IEEE  1284.3),  хабтардағы  (USB)  немесе 
кіріктірілген қайталауыштағы (IEEE 1394, FireWire) логикалық шиналар. 
 


 
 
 
93
 
Интерфейстерге  порттар,  шиналар,  желілік  интерфейстер  жатады. 
Интерфейстерді  сыртқы  және  ішкі  деп  бөлу  қабылданған.  Сыртқы 
интерфейстер.  Жүйелік  блоктан  тысқары  орналасқан  компонеттер  мен 
периферийлерді  қосуға  арналған.  Сыртқы  интерфейстердің  арасында 
компьютерлік  жүйенің  міндетті  компоненттеріне  қызмет  көрсететін  топты 
ерекше  бөліп  көрсету  керек:    монитор,пернетақта,  тінтуір.  Басқа  сыртқы 
интерфейстар  «периферия»  түсінігімен  біріктірілген  қосымша  сыртқы 
құрылғыларға  қызмет  көрсетеді.  Типтік  сыртқы  интерфейстерге  келесілер 
жатады:  
■ 
Мониторлар мен теледидарларды қосуға арналған бейнекарта порттары;  
■ 
Пернетақта мен тінтуірге арналған PS/2 порттары; 
■ 
шина мен USB порттары; 
■ 
СОМ тізбекті порттар; 
■ 
LPT параллель порттар; 
■ 
FireWire тізбекті порт; 
■ 
RJ45 желілік порт; 
■ 
Телефон желісіне арналған RJ11 модем порты; 
■ 
аудиоинтерфейс порттары. 
Компьютердің  көбірек  қолданылатын  сыртқы  интерфейстері:  USB  2.0, 
USB  3.0,  PS/2,  IEEE1394,  S/PDIF,  Jack  3.5,  eSATA,  RJ-45,  HDMI,  D-
SUB(VGA),  DVI-D,  DVI-I,  LPT,  COM,  Thunderbolt.  Ереже  бойынша,  сыртқы 
интерфейстер  аналық  тақтада  орналасады  және  жүйелік  блоктың  артқы 
тақтасына  шығарылған.  Аналық  тақтаның  артқы  тақтасынан  басқа  сыртқы 
интерфейстер  шығару  панельдерінде  және  қосымша  контроллерларда 
орналаса  алады.  Периферияны  қосу  үшін  арналған  сыртқы  интерфейстерді 
толығырақ қарастырайық.  
USB
  (Universal  Serial  Bus)    –    әмбебап  тізбекті  шина.  Бір  USB  арнасына 
127 сыртқы құрылғыға дейін тізбектеп қосуға болады. Қазіргі заманғы аналық 
тақталарда  әдетте  контроллердағы  USB  екі  арнасы  болады.  USB  шинасы 
бойынша  деректер  алмасу  ең  көп  өткізу  қабілеті  12  Мбит/с  кезінде  USB  1.1 
стандарты  үшін  дестелі  режимде  өтеді,  Hi-Speed  USB  2.0  үшін  480  Мбит/с 
және  SuperSpeed  USB  3.0  үшін  5  000  Мбит/с.  USB  шинасы  тінтуір, 
пернетақты,  қолайлы  қатты  диск,  сандық  камера,  VoIP-телефон  (Skype) 
немесе  принтер  (1.42-сурет)  секілді  сыртқы  шеткері  құрылғыларды 
компьютерге  қосу  үшін  арналған.  USB  құрылғыларды  қорек  көзімен 
қамтамасыз  етеді,  сондықтан  олар  интерфейстен  қосымша  қорексіз  жұмыс 
жасай алады.  
Бары  USB-жалғауыштардың үш түрі болады. 
■ 
« A типті» жалғауыш  –  әдетте ДК-да болады; 
 


 
 
 
94
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.42-сурет. Жалғауышқа қосылу 1.43-сурет. « A типті» USB  және 
«B 
типті» 
жалғауыштар 
 
 
■ 
«В типті» жалғауыш  –  әдетте USB-құрылғының өзінде болады 
(егер кабель алмалы болса) (1.43-сурет); 
■ 
мини-USB жалғауышы –  әдетте сандық видеокамералармен, сыртқы қатты 
дискілермен және т.б. қолданылады (1.44-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет