Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ОРТАЛЫҚ ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАҢАРТУ



Pdf көрінісі
бет204/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   233
ОРТАЛЫҚ ПРОЦЕССОРЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ЖАҢАРТУ 
1. 
Сіздің компьютеріңіздің аналық тақтасына орнатылған процессорды 
жаңартудың  мақсатқа  сәйкестігін  анықтаңыз.  Ол  үшін 
Speccy
  немесе 
AIDA 
64
  утилитасын  іске  қосыңыз  және  жүйеде  орнатылған  процессордың 
өндірушісін, моделін, жалғағыш типі мен тактілік жиілігін анықтаңыз. 
2. 
Процессорды жаңарту мақсатын негіздеңіз. 
3. 
Алынған  ақпаратты  саралап  алған  соң    компьютерлік  фирманың 
сайтына  кіріңіз  және  прайс-парақты  қарап  шығыңыз.  Аналық  тақтаға  тиісті 
процессорды таңдап алыңыз. 
4. 
Таңдалған сипаттамалары бар жаңа процессор сатып алыңыз. 
5. 
ОПҚ  орнату  бойынша  нұсқаулықпен  танысып  шығыңыз.  Жүйе 
платасының  орталығында  арнайы  қақпақпен  қорғалған  сокет  орнатылған. 
Процессорды  орнатуға  арналған  ZIF-жалғағыш  тіркескен  тетігі  бар  ұяшық 
сияқты  көрінеді.  Тетік  көтерулі  күйде  процессор  ұяшыққа  дұрыс 
бағдарланған соң оңай орнатылады. Ешқандай күш жұмсау қажет болмайды. 
Содан  соң  тетік  төмен  түсіріледі  және  ілмекпен  бекітіледі.  Тетік  төмен 
түскен күйде процессор босатылады және оны алып шығуға болады. 


 
 
 
191
 
 
6. 
Процессорды сокетке өздігіңізден орнатыңыз. 
7. 
Суыту  жүйесінің  монтажын  орындаңыз,  радиатор  мен  желдеткішті 
орнатыңыз. 
8. 
Процессорлық  кулерды  аналық  тақтада  кернеу  беру  үшін  CPU  – 
FAM жалғағышына қосыңыз. 
 
9. 
Процессорды  жаңарту  мақсатқа  сәйкестігін  қалыптастырыңыз  және 
нәтижелерін жазыңыз және процессорды сокетке орнату мен суыту жүйесін 
монтаждау  бойынша  қадамдық  операцияларды  сипаттау  түрінде  жасалған 
жұмыс туралы есеп жасаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет