25
Регламенттелген үзіліс уақытында нервті-эмоциялық күйзелісті, көру
анализаторларын шаршатуды басу мақсатында, сондай-ақ гиподинамия,
гипокинезия ықпалын жою және позотониялық шаршаудың асқындатпау
үшін арнайы кешенді жаттығулар жасау мақсатқа сай.
Жұмыс ритмімен және жоспарлық көрсеткіштермен байланыспаған және
өзі үшін ыңғайлы режим жасай алатын үйдегі пайдаланушылар үшін әрбір
сағаттан кейін 10-15 минуттық, ал әрбір 2 сағаттан кейін 20-30 минуттан
үзіліс жасауды ұсынамыз. Бұл ретте мониторды сөндіріп, жұмыс орнынан
тұрып
кеткен жөн, және үй-жайды желдетіп алған тым жақсы.
Жоғары оқу орнының және мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орны
студенттері мен орта кәсіби оқу мекемелерінің оқушыларына, мектеп және
мектепалды балалары үшін ЭЕМ жұмыс істеу режимін ұйымдастыруға белгілі
талаптар орнатылған.
Жоғары оқу орнының және мектеп мұғалімдері үшін ереже бойынша
дисплейлі сыныптар мен информатика және есептеуіш техникалар
кабинеттерінде жұмыс күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
Орта кәсіби оқу мекемелерінің оқушылары үшін оқу сабағында БДТ және
ЭЕМ жұмыс жасаудың ұзақтығы оқыту курсы, сипаттамасы және
орындалатын тапсырмалардың күрделігіне, сондай-ақ ЭЕМ техникалық
деректері мен олардың рұқсатталған қабілетіне байланысты анықталады. Оқу
сабақтарында ЭЕМ жұмыс ұзақтығы:
■
Достарыңызбен бөлісу: