Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет3/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   233
Кіріспе
 
Дербес  компьютерлер,  серверлер,  перифериялық  құрылғылар  мен 
жабдықтардың  түрлері,  санаттары,  параметрлері,  сипаттамасы,  сондай-ақ 
құру  мен  қалыптастырудың  негіздері  туралы  толық  білім  аппараттық 
қамтамасыз  етуді  жаңашаландырудың  кәсіби  тәсілін  қалыптастыруға  ықпал 
етеді. 
Заманауи  маманның  кәсіби  қызметінің  ажырамас  бөлігі  оның  қазіргі 
заманға  сай  компьютерлік  технологияларымен  өзара  әрекеттесуі  болып 
табылады.  Олардың  өзара  әрекеттесуі  тиімділігінің  маңызды  факторы  – 
компьютерлік  қызмет  саласында  негізгі  терминдерді  білу,  компьютерлік 
технологиялардың  нақты  мүмкіндіктерін  және  қолданудың  ерекшеліктерін  
түсіну,  оның  жетілу  мен  дамуының  қарқындарын  білу,  аппараттық  және 
бағдарламалық қамтамасыз етуді бүйлестіруші ретінде  өз ойын тұжырымдай 
білу  болып  табылады.  Ұсынылған  материалдарды  игеру  қарқынды  дамып 
келе  жатқан  есептеуіш  техникалар  саласында  базалық  терең  білім  алуға 
мүмкіндік береді.  
 Оқулықта  дербес  компьютерлер  мен  серверлердің  түрлері  және  сәулеті 
топтастырылған;  компьютерлер  мен  серверлердің  құрылғылары,  негізгі 
блоктар,  функциялары  мен  техникалық  сипаттамалары;  перифериялық 
құрылғылардың түрлері мен мәні, қосу интерфейсі мен пайдалану ережелері; 
операциялық  жүйенің  негізгі  компоненттері  мен  шеткері  жабдықтардың 
драйверлерін орнату және баптау принциптері; аппараттық қамтамасыз етуді 
жетілдіру  әдістемесі;  дербес  компьютермен,  шеткері  жабдықтармен  және 
компьютерлік  ұйымдастыру  техникаларымен  жұмыс  істеу  кезінде  орнату, 
пайдалану және еңбек қорғау бойынша нормативтік құжаттар ұсынылған. 


 
 
5
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет