Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет4/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   233
 1-тарау
 
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
 
ЕСЕПТЕУІШ 
ТЕХНИКАСЫ 
АРҚЫЛЫ 
ШЕШІЛЕТІН НЕГІЗГІ  
ТАПСЫРМАЛАР 
 
7.8. 
Заманауи  есептеуіш  машиналары  адамзат  ойының  ең  маңызды 
жетістіктерінің бірі болып табылады, оның  озық ғылыми-техникалық дамуға 
берген  әсері  мол.  Қазіргі  уақытта  есептеуіш  техникалар  математикалық 
есептеулерден  бастап  ойын-сауық  индустриясына  дейінгі  адам  қызметінің 
барлық 
салаларында 
пайдаланылады. 
Бұл 
өндіріспен 
басқаруды 
оңтайландыру,  экономиканы  жоспарлау,  адамзаттың  даму  кезеңінің  барлық 
жолында  жиналған  ақпараттардың  барлығына  автоматты  түрде  қол  жеткізу 
болып табылады.  
Есептеу  техникалары  арқылы  шешілетін  негізгі  тапсырмалар  қоғамдық 
ақпараттандырумен 
байланысты. 
Осы 
үдерісті 
кейбір 
салаларда 
қарастырайық.  Ресейде  денсаулық  сақтауды  ақпараттандыру  бойынша 
жұмыстар  30  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді.  Медициналық  желі  жұмыс 
істейді,  ол    Ресей  аймағындағы  барлық  120-дан  аса  әкімшілік    нысандарды  
қамтыған.  Міндетті медициналық сақтандырудың ақпараттық инфрақұрылым 
жүйесі  құрылған.  Мемлекеттің  көптеген  өңірлерінде  бекітілген  халықтың 
дербес  деректер  банкі  қолға  алынған.  Ірі  диагностикалық  орталықтарда, 
ауруханаларда,  ғылыми  медициналық  орталықтарда  100  және  одан  да  аса 
дербес  компьютерлерден  құралған  компьютерлік  кешендер  құрылған.  Осы 
жүйелерде  дәстүрлі  басқарушы  функциялардан  (бухгалтерия,  кадр  бөлімі, 
статистика)  басқа,  бастапқы  диагностика  мен  қауіпті  ауруларды  емдеу, 
емделушінің  жай-күйін  бақылау,  тұқым  қуалаушылық  тетіктерін  байқауды 
қоса  алғанда,  медициналық-технологиялық  процестердің  барлық  кезеңдері 
автоматтандырылған.    
Қарулы  күштердің  басқару  және  байланыс  жүйелеріне  ерекше  назар 
аударылған.  Бөлек  құрамдарды  жаңарта  отырып,  оқу  және  әскери  әрекеттер 
барысында  қазіргі  жағдайларға  сәйкес  барлығы  өзара  бір-бірімен  оперативті 
байланыста болу қажеттілігін түсінген жөн. 
 


 
6
 
Қарулану халықаралық  нарығына белсенді шығу және  жаңа  қабылданған 
қарулы  күштерді  қайтақаруландыру  бағдарламасы  жаңа  басқару  жүйелерін 
әзірлеу мен ескілерді жаңартуды көздейді.     
Әскерилерді  заманауи  қарулы  кешендермен  және  әскери  техникалармен 
жабдықтауды  қамтамасыз  ету  үшін  жаңартылған  бағдарламаларды  іздеуге 
мұқтаж  етеді.    Кеңінен  пайдаланатын  электронды-есептеуіш  техникалары 
(ЭЕТ) негізінде  барлау өзгерді: барлау  жерсеріктерінен алынатын суреттерді 
ЭЕТ талдау жасайды, экономика, әлеуметтану бойынша ашық баспа көздерін 
жинайды  және  талдайды,  сонымен  тікелей  агенттік  барлауды  маңызды 
деңгейде болымсыз етеді. 
Соңғы  кездерде  жерсеріктерден  алынған  ақпарат  басқа  мақсаттарда 
да  пайдаланылады:  егін  болжамы,  экологиялық  мониторинг,  ауа  райын 
болжамдау,  автострадаларды  басқару  үшін  автомашиналар  ағыны  туралы 
деректер жинау.  
ЭЕТ-сыз  ғарыш игерудің көптеген  тапсырмаларын  –  планеталар мен 
жерсеріктердің  радиолакациялық  карталарын  шешу  мүмкін  емес.  Ғарыш 
кемелерін ұшыру, оларды  басқару, орбитада  түйісу, ғарыш қайықшасы  үшін 
отырғызу  траекториясын  есептеу  –  мұның  барлығы  есептеуіш  техникалары 
құралдарын белсенді пайдалану арқылы ғана мүмкін болған.  
Есептеуіш техникаларды  пайдалану жолында темір жол үлкен қадам 
жасады.    Пойызда  жол  жүруді  төлеу  үшін  елімізде  кеңінен  таралған 
Интернеттің  стандартты  төлем  құралдарын  білу  жеткілікті.  Электронды 
билетте  штрихкод  бар,  оны  тапсырыс  бланкта  үйдегі  принтер  арқылы 
шығаруға  болады,  пойызға  кіру  алдында  оны  жолсеріктердің  көбісіне 
берілген арнайы сканер арқылы өткізумен тексереді.  
Қазіргі уақытта есептеуіш техникалар, компьютерлер – бұл тек құрал 
ғана  емес,  оларды  түрлі  қызмет  саласындағы  адамның  мүмкіндіктерін 
жақсартатын  құралдар  ретінде  көруге  болады.  Есептеуіш  техникаларының 
келуімен бірге адамзат өмірінің тұрмыс салты түбегейлі өзгерді.              
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет