Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет34/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   233
«солтүстік  көпір»  процессор  және  оперативті  жады  арасындағы  өзара
әрекетке, графикалық шиналар мен т.б. қолдауға жауап береді;
■ 
«оңтүстік көпір»  –  функционалды  контроллер. Ол орталық  процессор
және  қатқыл  диск,  CD-  и  DVD-дисковод,  IDE,  ATA  интерфейстері,  PCI,
PCIExpress  карталары  арасындағы  өзара  әрекетті  жүзеге  асырады,
пернетақта,  жүгіртпе,  USB  шиналар  мен  т.б.  шеткері  құрылғылар
контроллер функцияларын  орындайды.     
«Солтүстік көпірге»   қарағанда
«оңтүстік  көпір»  процессорға  тікелей  қосылмаған.  Қазіргі  заманауи
жасалған  құрылымдарда  «солтүстік-оңтүстік  көпірлері»  пайдаланбайды
және 
Plarform  ControllerHub  (PCH)  технологияларымен  ауыстырылған,
ондағы «солтүстік көпір» функцияларының барлығы процессордың өзіне
кірістірілген.


 
 
 
35
 
 
Барлық жүйелік тақталарды екі топқа бөлуге болады: Intel процессорлары 
және  AMD  процессорлары  үшін.  Осы  негізгі  екі  топтың  ішінде  әрі  қарай 
бөлуді процессор жалғағыштары (сокеттер) бойынша жасаған ыңғайлы. 
Intel  компаниясының  процессорлары  үшін    775,  1155,  1156,  1366,  1150, 
2011, ал AMD үшін  –  AM3, AM3 + , AM1, FM1, FM2, FM2 +   сокеттермен 
жүйелік тақтасы шығарылады. Әрбір сокеттер үшін әзірлеушілерде  нарықтың 
бюджетті  сигментінің  түрлілігіне  бағытталған  жүйелік  логика  (чипсеттер) 
жиынтығы бар.  
Чипсеттер түрлілігінің блок-схемасында көрсетілгендей (1.11-сурет), және 
оның  үсіне  құрылған  және  оған  модификацияланған  жүйелік  тақталары  да 
көп. 
Жүйелік  тақтаның  маңызды  ерекшелігінің  бірі  форм-фактор  болып 
табылады.  Бұл  оның  көлемін  анықтайтын,  компьютер  корпусына  бекітілген 
орны  және  оның  ажыратқыштарының  барлығын  (оған  орналастырылған 
интерфейстер,  корекке  қосылатын  жалғағыш  порттар,  слоттар  және  типтер) 
анықтайтын  стандарттар.  Заманауи  және  аса  таратылған  стандарттар  ATX, 
micro-ATX және mini-ITX болып табылады.  
 Мысалға жүйелік тақтаның сипаттамасын келтірейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет