Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


ТІЗБЕКТІҢ БӨЛІГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫ. РЕЗИСТОРЛАР



бет113/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

ТІЗБЕКТІҢ БӨЛІГІ ҮШІН ОМ ЗАҢЫ. РЕЗИСТОРЛАР.
РЕОСТАТТАР 
1. Эксперименттік зерттеулер тізбектің бөлігіндегі
ток күшінің,
кернеудің және электр кедергісінің арасында белгілі бір тәуелділік бай-
ланыстың бар екендігін көрсетеді. Аталған үш физикалық шамалардың
арасындағы байланыс ты тәжірибе жасап анықтамастан бұрын, мектеп
зертханалары мен көптеген техникалық аспаптарда кең қолданыс таба-
тын
резисторлар мен реостаттарға тоқтала кетейік.
2. 
Резисторлар радио- және электртехникаларда, автоматика
мен электроникада кеңінен қолданылатын белгілі кедергілері бар
жабдықтаушы элемент болып табылады. (Резистор атауы латынның
«
resisto – қарсыласамын» деген сөзінен алынған).
Резисторлар әртүрлі пішінде кедергілері тұрақты етіп жасалына-
ды (сурет 5.11). Электр схемаларында резисторлар басқа кедергілердің
шартты белгілері сияқты белгіленеді.
Реостаттарға (сурет 5.12) кедергілерін өзгертуге болатын аспап-
тар жатады. Олар тізбектегі кернеуді өзгерте отырып, токтың күшін
реттеу үшін қолданылады. Сондықтан реостаттар
кернеуді бөлгіштер
деп те аталады. Реостатты электр тізбегіне қосардың алдында оның
арқалығындағы жылжымалы тиекті реостаттың орта тұсына орна-
ластырып алу қажет. Содан кейін электр тізбегіндегі өткізгіштің бір
ұшын реостаттың арқалығындағы клеммаға (қысқашқа) жалғайды, ал
екінші ұшын төменгі екі клемманың біреуіне жалғайды. Тізбектегі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



126
токтың күшін өзгерту үшін тиекті жайлап солға немесе оңға жылжы-


тады.
3. Электр тізбегінің бөлігіндегі ток күшінің
(I), кернеудің (U) және электр кедергісінің (R)
арасындағы байланысты алғаш рет неміс физигі
Георг Ом анықтады. Бұл байланыс электр
тізбегінің бөлігі үшін Ом заңы деп аталады. Осы
заңды тәжірибеде анықтау үшін
ток көзінен, ам-
перметрден, резистордан, вольтметрден, реос-
таттан және ажыратушы кілттен тұратын
электр тізбегін құрайық (сурет 5.13).
Тәжірибенің 1-кезеңінде өткізгіштің (резис-
тордың) кедергісін өзгертпей (R

= const), ток күші


мен кернеудің байланысын зерттейік. Ол үшін кілтті қосып, тізбектегі
токтың күшін реостаттың жәрдемімен өзгерте отырып, вольтметрмен
резистордың ұшындағы U кернеуді және амперметрмен тізбектегі I ток-
тың күшін жазып алып отырайық.
Тұрақты жүктемеде және температурада (R

= const; Т

= const) өлшен-
ген әртүрлі ток күшінің (I
1
, I
2
, I
3
т.с.с.) шамаларын кернеудің сәйкес
(U
1
, U
2
, U
3
т.с.с.) шамаларымен салыс тыратын болсақ, олардың арасында
тура пропорционалдық байланыстың бар екенін аңғарамыз. Яғни кернеу
өссе, ток күші де өседі, ал кернеу кемісе, ток күші де кемиді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет