Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет137/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

Электрметаллургияда бірталай түсті металдарды электролиз тәсі-
лімен өндіреді. Мысалы, 2007 жылы Павлодарда ашылған «Қазақстан-
дық электролиз зауыты» (сурет 5.31) тазалығы 99,85% болатын алю-
миний құймаларын осы тәсілмен балқытылған боксит кенінен тұрақты
электр тогын өткізу арқылы шығарады.
2011 жылы Өскеменде ашылған мыс зауытында қара мыс екі кезең-
нен тұратын электролиздік өңдеулерден өтеді. Бірінші кезеңде анодталған
өңдеуден өтіп, рафинадталған мыс алынады. Екінші кезеңде рафинадтал-
ған мыс электролизде тағы да мұқият өңделіп, тазалығы аса жоғары
Сурет 5.30. Электролит
Сурет. 5.31. Павлодар электролиз зауыты
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



149
(99,97 және 99,99%) мыс өндіріледі. Өскеменнің металлургиялық ком-


бинаттарында электролиз тәсілімен басқа да бағалы металдар (мысалы,
тазалығы 99,99% алтын) алынады.
Гальваностегияда электролиз әдісімен бір металдың бетін басқа ме-
талдармен қаптайды. Мысалы, электролиз арқылы қара металдарды ни-
кельмен, хроммен қаптайды; сәндік бұйымдарын «алтынмен аптайды,
күміспен күптейді».
Гальванопластика деп денелердің бет-бедерінің пішінін электро-
лиз әдісімен металдарда кескіндеуді айтады. Ол үшін дене бетінің
балауыздағы үлгісі алынады. Үлгінің беті ток өтетін графит тозаңымен
қапталады. Бұдан кейін үлгіні катод орнына электролитке батырады.
Анодтың рөлін үлгінің (катодтың) бетін қаптайтын металл (мысалы, ал-
тын немесе никель) атқарады.

1. Әртүрлі ортада өтетін электр тогының табиғаты қандай? Мысалдар кел-
тіріңдер.
2. Иондық кристалл деп қандай кристалдарды айтады? Олардың металл
кристалдарынан қандай айырмашылықтары бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет