Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет151/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

ыстық 
плазма деп атайды. Күн мен жұлдыздар ыстық плазмадан тұрады.
Жер бетінде ыстық плазманы ұстап тұратын ешқандай «ыдыс» жоқ,
оны тек қана аса күшті электрмагниттердің магнит өрістері ғана ұстап
тұра алады.
Электрмагниттердің қолданыс аясына қарай олардың салмағы мил-
лиграмнан бастап жүздеген-мыңдаған тонналардан асады. Олардың
жұмыс жасағанда тұтынатын қуаты милливаттан бастап, ондаған мың
киловатқа жетеді.

1. Электрмагниттер деп қандай құрылғыларды айтады және олар қандай
бөліктерден тұрады? Қандай жаңалықтар электрмагниттерді жасауға
негіз болды?
2. Электрмагниттің тарту күші мен одан өтетін ток күшінің арасында
қандай байланыс бар? Бұл байланыс қалай анықталған?
3. Электрмагниттің тарту күші мен оның орамдарының арасында қандай
байланыс бар? Бұл байланыс қалай анықталған?
Сурет 6.9. Коллайдер
Сурет 6.10. Қазақстандық «Токамак»
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



164
§33.



4. Электрмагниттің тарту күші мен оның өзегінің материалының арасын-
да қандай байланыстар бар? Бұл байланыстар қалай тұжырымдалады?
5. Электрмагниттер қандай салаларда қолданыс тапты?
6. Аса алып электрмагниттер қайда және қандай мақсаттарда қолда-
нылады?
9 зертханалық жұмыс
Электрмагнитті құрастыру және оның әрекетін зерделеу
Жұмыстың мақсаты: электрмагниттің негізгі бөліктерімен танысу және
оны құрастырып жинау.
Аспаптар мен жабдықтар: ток көзі; реостат; кілт, жалғастырғыш сымдар,
магнит тілшесі, шарғы т.б. тетіктер мен сымдар.
Жұмыс барысы. 1. Ток көзі мен реостатты, шарғы мен кілтті тізбектеп
жалғаңдар.
2. Электр тізбегін тұйықтап, магнит тілшесінің көмегімен шарғыдағы маг-
нит өрісінің полюстерін анықтаңдар.
3. Магнит тілшесін тогы бар шарғының өрісін әлсіз сезінетін аралыққа,
яғни алыстау орналастырыңдар.
4. Шарғының ішіне темір өзекшесін енгізіңдер.
5. Электрмагниттің магнит тілшесіне жасаған әрекетін бақылаңдар.
6. Орын алған құбылыстарды қысқаша баяндап жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет