Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет164/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

астрономияда кейбір аспан денелерінің
тұтылу құбылыстарын түсіндіру үшін қолданады. Сондай-ақ олар
физиканың
геометриялық оптика деп аталатын саласында кең көрініс
табады. Енді осы ұғымдарды қысқаша сипаттауға көшейік.
Жарықтың түзусызықты таралу заңына байланысты
жарық сәулесі
және
жарық шоғы деген ұғымдар қалыптасты. Көп жағдайда бұл
ұғымдарды қысқартып «сәуле», «шоқ» деп айта береді. Мұндай ұғымдар
математикада да бар. Алайда олардың математика мен физикадағы
ғылыми мағыналары бірдей емес. Бұл ұғымдар математикада ешқандай
материялық сипаты жоқ тек абстракция ретінде қолданылады. Ал физи-
када олардың ақиқат материяға қатысты екендігі сөз болады. Мысалы,
материяның бір түрі ретінде «жарық сәулелері» мен «жарық шоқтары»
белгілі бір жылдамдықпен өздерімен бірге нақты энергия мөлшерін
жеткізеді; материяның заттық түрлерімен әрекеттесіп, оларға энергия-
ларын беріп жұтылады немесе олардың беттеріне соғылып шағылады,
шашырайды, сынады. Ал математикалық сәулелер мен шоқтар жай ғана
абстракция болып табылады.
12 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



178
Жарық сәулесі


деп жарық көзінен энергия тарайтын бағытты 
көрсететін түзу сызықты айтады.
Бірнеше жарық сәулелерінің жиынынан
жарық шоғы құралады.
Жарық шоғы
деп кеңістіктің шектелген аймағында тарайтын 
жарық сәулелерінің жиынын айтады.
Жарық шоқтары
параллель, шашыратылған және жинақталған
шоқтарға бөлінеді.
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүктелік центрінен 
шығатын болса, ондай шоқ шашыратылған жарық шоғы деп аталады
(сурет 7.2,
а).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелер олардың нүкте лік центріне 
қарай бағытталса, ондай шоқ жинақталған жарық шоғы деп аталады
(сурет 7.2,
ә).
Жарық шоғының құрамындағы сәулелердің траекториялары қиы-
лыспайтын болса, ондай шоқ параллель жарық шоғы деп аталады (су-
рет 7.2,
б).
Жарық сәулесі басқа құрамдас элементтерге ыдырамайтын ең қа-
рапайым физикалық объект (нысан) болып табылады. Оның жарық шоғы
сияқты центрі жоқ, шашыратылған да, жинақталған да бола алмайды.
3. Жарық сәулелері де, шоқтары да бір-біріне тәуелсіз тарайды.
Олардың бір-біріне тәуелсіз тарайтындығын қараңғы бөлмеде екі қалта
шамының жарық шоқтарын қиылыстыру арқылы байқай аламыз.
Өзара қиылысқан сәулелер де (сурет 7.1,
а), шоқтар да (сурет 7.2, в)
біріне-бірі тәуелсіз өз бағыттарымен өте береді. Мұндай қасиет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет