Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет176/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУЫ. ЖАРЫҚТЫҢ
СЫНУ ЗАҢЫ. ТОЛЫҚ ІШКІ ШАҒЫЛУ
1. Жарықтың сыну және ішкі шағылу құбылыстарын бақылау үшін
мектеп зертханасындағы
оптикалық шайба аспабына (сурет 7.14, а) қайта
жүгінеміз. Шайба табағының (1) центріне мөлдір шыныдан жасалған
жарты цилиндрді (4) орналастырайық. Нүктелік жарық көзінен (2) ауа
арқылы шыны бетіне түскен сәуле (3) екі сәулеге ыдырайды. Олардың
бірі – өзімізге таныс
шағылған сәуле (5) болса, ал шынының ішіне қарай
бағытталған екінші сәулені (6
сынған сәуле деп атайды. Ортадағы
кескінде (сурет 7.14,
ә) шағылған сәуле солғын қызыл сызықпен, ал
сынған сәуле қанық қызыл сызықпен бейнеленген.
Тәжірибелер түскен, шағылған және сынған сәулелердің бір жазықта
жататынын көрсетті. Мөлдір шыны жарты цилиндрдің жазық бетінен
шағылған сәуле де
шағылу заңына бағынады, яғни
α түсу бұрышы β
шағылу бұрышына (сурет 7.14,
б) тең болады:
Ð
α = Ðβ.
Сурет 7.13. Александрия маягі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



193
Түскен сәуле мен сынған сәуленің қиылысу нүктесіне тұрғызылған


перпендикуляр мен сынған сәуленің арасындағы
γ  бұрыш (сурет 7.14, б)
сыну бұрышы деп аталады.
Жарық көзін оптикалық шайба табағының жиегімен айналдыра
отырып, жарық сәулесінің
α түсу бұрышын өзгертсек, онда γ сыну
бұрышының да өзгеретінін көреміз. Бұл құбылыс ерте дәуірден белгілі
бола тұрса да, жарықтың түсу бұрышы мен сыну бұрышының арасындағы
заңдылықты ашу ұзақ жылдарға созылды. Тек жарықтың
шағылу заңы
ашылған кезеңнен 2000 жыл өткеннен кейін ғана нидерландық ғалым
Виллеброрд Снелл (Снеллиус)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет