Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет179/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203
γ < αяғни шыныда сынған сәуле
перпендикулярға жақындау орналасады.
Cәуле оптикалық тығыздығы үлкен ортадан (шыныдан) оптикалық
тығыздығы кем ортаға (ауаға) қайта шыққанда оның ауадағы сыну
бұрышы шыны ішіндегі түсу бұрышынан үлкен болады, яғни ауада
сынған сәуле перпендикулярдан алшақтау орналасады. Сөйтіп, ауада
екінші рет сынған сәуле алғашқы шыны бетіне түскен сәулеге параллель,
бірақ оның бұрынғы орнынан біршама ығысып шығады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



195
5. Практикалық мақсаттарда және ғылыми-зерттеу жұмыстарында


қолданылатын аспаптар мен қондырғылардың маңызды бөлігін үшбұ-
рышты мөлдір призмалар құрайды. Сондай призманың қимасы төменде
көрсетілген (сурет 7.15,
ә). Призманың сол жақ АО бетіне α бұрышпен
түскен сәуле оның төменгі
АВ жағына қарай сынып, оң жақ ВО бетіне
жетеді де, екінші рет ауада сынады (ортадағы суреттегі қызыл сынық
сызықтар).
Сурет 7.15. Жарық сәулесінің жазық шыны мен призмада сынуы
а)
ә)
б)
Егер призманың бірінші бетіне жарық шоғы түсетін болса, онда оның
екінші бетінен ауаға сынып тараған жеті түсті (
қызыл, қызғылт сары, 
сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) сәулелер шоғын көреміз (сурет 7.15, б).
Бұндай көрініс,
біріншіден, көзге көрінетін ақ жарықтың бірнеше түсті
сәулелер шоғынан тұратын күрделі жарық екенін көрсетеді; екіншіден, 
әр түсті сәулелер шоғының әртүрлі бұрышпен сынатынын дәлелдейді; 
үшіншіден, олардың заттық ортадағы таралу жылдамдықтарының да 
әртүрлі болатынын айғақтайды.
Жарықтың мөлдір ортадағы сыну құбылыстары денелерді нақты
тұрған орындарында көрсетпей, ығыстырып алдамшы көрсететінін
есте ұстау қажет. Мысалы, қандай да бір ыдыстағы немесе өзендер мен
көлдердегі судың көзге көрінетін алдамшы тереңдігі шын тереңдігінен
едәуір аз болады. Жарықтың судағы сыну құбылысы салдарынан біз
оның ішіндегі заттар мен балықтарды шынайы орнында емес, ығысқан
алдамшы орнынан көреміз (сурет 7.16). Сондай-ақ жарықтың ауа
атмосферасында сынуы салдарынан Күн мен жұлдыздар да өздерінің
шынайы орындарынан едәуір биігірек болып көрінеді.
6.
Оптикалық шайба (сурет 7.14, а) көмегімен жарық сәулесін
шыны немесе плексиглас жарты цилиндрінің дөңес бетіне төрт түрлі
бұрышпен түсіріп (сурет 7.17), қандай құбылыстардың орын алаты-
нын байқайық. Сәуле төрт жағдайда да дөңес бетке перпендикуляр ра-
α
φ
ө
А
В
О
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



196
диус бойымен қозғалатындықтан, жарты цилиндрдің жазық бетіндегі


О нүктесіне түседі.
Бірінші жағдайда сәуле дөңес бетке де, жазық бетке де перпенди-
куляр түсетіндіктен (сурет 7.17,
а), бағытын өзгертпей ауаға шығады.
Бұл жағдайда сәуленің түсу бұрышы нөлге тең (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет