Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§16. ЖЫЛУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ



бет68/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   203
§16.

ЖЫЛУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ
ПАЙДАЛЫ ӘРЕКЕТ КОЭФФИЦИЕНТІ
1. Барлық жылу қозғалтқыштарының жұмыстық денесі қыздыр-
ғыштан алған
Q
1
жылу мөлшерінің бәрін пайдалы жұмысқа жұмсай ал-
майды. Оның белгілі бір
Q
2
бөлігі босқа шығындалып, суытқышқа (сырт-
қы ортаға) беріледі. Сондықтан газдың ұлғайған кездегі істейтін жұмы-
сына оған берілген жылудың тек
А = Q

– Q

Q бөлігі ғана жұмсалады.
Қозғалтқыштардың жанған отынның ішкі энергиясын механикалық
энергияға айналдыру тиімділігін сипаттау үшін
жылу машинасының 
пайдалы әрекет коэффициенті ұғымы енгізіледі.
Жылу машинасының пайдалы әрекет коэффициенті
(ПӘК-і) деп 
оның жасаған пайдалы жұмысының жы лыт қыштан алған жылу 
мөлшеріне қатынасын айтады:
η 
(Q

Q
2
)
Q
1
=
А
пай
Q
1
.
Бұл формула машинаның қыздырғыштан алған жылудың қандай
бөлігін пайдалы жұмысқа жұмсайтынын білдіреді. Пайдалы жұмыс
үлкен болған сайын, яғни бөлшектің алымы бөліміне жақындаған сайын
қозғалтқыштың үнемділігі де арта түседі.
2. Практикада қолданыс тапқан барлық жылу қозғалтқыштарының
ПӘК-і жоғары емес, тіпті 40%-ға да жетпейді. Оған себеп: жұмыстық
дене (бу немесе газ) жанған отыннан алған энергиясын толығымен
механикалық энергияға түрлендіре алмайды. Өйткені жұмыс істеп болған
будың (газдың) суытқышқа шығардағы температурасы едәуір жоғары
күйінде сақталады. Мысалы, бу турбинасының ең соңғы басқышынан
шыққан будың температурасы 100
о
С-ден жоғары болады. Ал іштен жа-
натын қозғалтқыштардың цилиндрлерінен газ 500–600
о
С-де шықса,
газ турбиналарынан 400–500
о
С-де шығады. Көріп отырғандай, бу (газ)
отынның ішкі энергиясының өзі жұтқан біраз бөлігін сыртқы ортаға
шығарып тастайды.
Сөйтіп, жанған отынның ішкі энергиясын толығымен механикалық
энергияға айналдыру іс жүзінде мүмкін емес. Оның біраз бөлігі сыртқы
ортаға тарайтындықтан пайдалы жұмыс істеуге қатыспайды. Мұндай
қорытынды кез келген жылу машиналары үшін ортақ қорытынды болып
табылады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



80
3. Жоғарыдағы қорытындыға 1824 жылы француз ғалымы С. Кар-


но келген болатын. Ол жылу машиналарының ПӘК-ін абсолют тем-
пературалар арқылы табудың оңтайлы жолын ұсынды. Егер ыстық
дененің (қыздырғыштың) абсолют температурасы Т
1
, ал салқын
дененің (суытқыштың) температурасы Т
2
болса, онда машинаның ең
үлкен (максимум) ПӘК-і мына формуламен анықталады:
η


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет