Бұл тарауда оқушылар терең игеруге міндетті алдыңғы бетте көрсетілген бағдарламалық оқу мақсаттарымен қатар, әр оқушының есінде ұзақ сақталуға тиісті мына негізгі физикалық ұғымдар қарастырылады: «электр тогы», «ток күші және кернеу», «тізбек бөлігі үшін Ом заңы», «өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау», «жұмыс және қуат», «Джоуль–Ленц заңы», «сұйықтардағы электр тогы», «Фарадей заңы». Қ а з а қ ш а О р ы с ш а А ғ ы л ш ы н ш а Электр тогы
Электрический ток Electricity Электр тогының күші
Сила электрического тока Force of electric current
Электр кернеуі
Электрическое напряжение Electrical voltage Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы Закон Ома для участка цепи Ohm’s law for the chain segment Электр тогының жұмысы
Работа электрического тока Work of electric current Электр тогының қуаты
Мощность электрического тока
Power of electric current
Джоуль – Ленц заңы
Закон Джоуля – Ленца Law of Joule-Lenz Электролиз
Электролиз Electrolysis Тараудағы физика терминдерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі минимумы §22.
ЭЛЕКТР ТОГЫ. ТОК КӨЗДЕРІ. ЭЛЕКТР ТІЗБЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ 1. Адамзат өркениетінің қарыштап дамуы электр тогын тұрмыста
және техникада пайдаланумен тікелей байланыс ты. «Электр тогы
дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін төменде сипатталған
тәжірибелерге жүгінейік.
Екі бірдей электроскоп алып, оларды жақын орналастыра йық та,
біреуін зарядтайық (сурет 5.1,
а). Бұл кезде оның потенциалы нөлден
үлкен (j
1 > 0), ал екінші электроскоптың потенциалы нөлге тең болады
8 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
114
(j
2 = 0). Егер зарядталған электроскопты металл шыбықпен зарядсыз
электроскопқа қосатын болсақ (сурет 5.1,
ә), онда 2-электроскоптың да
зарядталғанын көреміз. Электроскоп тілдерінің көрсетулері бойынша
1-электроскоптың зарядының жартысы екіншісіне өткендігі байқалады.
Бұл екі электроскоптың да потенциалдарының теңелгендігін білдіреді:
j
‘