механикалық құбылыстарға байланысты ұғымдары мен заңдарын қарастырған едік.
8-сынып физикасында қазіргі сан алуан техникалардың ғылыми негізде-
рін құрайтын
жылу, электр және жарық құбылыстары жалғасын тауып
зерделенеді. Аталған құбылыстардың сыры 7-сынып физикасындағы
ұғымдар мен заңдарға негізделе отырып ашылады. Сондықтан жаңа
білімді сапалы игеру үшін оқып кеткен бұрынғы физикалық ұғымдар
мен заңдарды үнемі еске түсіріп, қайталап отыру парыз.
Осыған орай теориялық білімді терең меңгеріп, оны практикада
ұтымды қолдану үшін мына
қағидалық ұстанымдарды басшылыққа
алып, жұмыс жасауға дағдылану керек.
Біріншіден, бүкіл Шығыс өркениетінің ертедегі ұлы ғұламасы
қытайлық Конфуцийдің:
«Кім өткенді қайталап, әрі жаңаны білсе, ол көсем бола алады», – деген сөзін естеріңде ұстап, бұрынғы алған
білімдеріңе жүгініп, 7-сынып физикасы бойынша өздерің жасаған
қысқаша тірек конспектілеріңді де пайдаланып, оқып кеткен іргелі
ұғымдар мен заңдарды үнемі еске түсіріп отыру қажет.
Екіншіден, адамзаттың бірінші ұстазы атанған бүкіл Батыс өрке-
ниетінің ертедегі ұлы ғұламасы элладалық (грекиялық) Аристотельдің:
«
Ақыл білімде ғана емес, білімді қолдана алатын біліктілікке де саяды», – деген сөзін естеріңде ұстап, теориялық сұрақтарға ғана жауап
іздеумен шектелмей, жаттығулар мен тапсырмаларды да, практикалық
зерттеулер мен эксперименттерді де ұқыпты орындауларың қажет. Біздің
ұлы бабамыз әл-Фараби Шығыс пен Батыс ғұламаларының жоғарыда
көрсетілген қағида-ұстанымдарын өз бойына сіңіріп, талмай еңбектенуі
арқасында
адамзаттың екінші ұстазы атанды.
Қадірменді ұстаздар, қымбатты шәкірттер! Сұраныстары жоғары та-
лапшыл оқушыларға арналған тереңдетілген материалдар (оларға кейбір
эксперименттік, теориялық зерттеулер де жатады) және тарихи-таным-
дық деректер міндетті оқу жүктемелері болып табылмайды. Алайда «Нар
жолында жүк қалмас», «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» дейді ғой хал-
қымыз; ақыл қосып, жұмыла жасаған қарекеттеріңе зор сеніммен сәтті-
лік тілейміз.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217