Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет178/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   203
абсолют сыну көрсеткіш деп
атайды. Біздің мысалымызда екі ортаның біріншісін ауа, ал екіншісін
шыны атқарды. Тәжірибенің көрсетуі бойынша ауамен салыстырғанда
шынының сыну көрсеткіші
n = 1,5 шамасына тең. Тәжірибелер
заттардың ауамен салыстырғандағы сыну көрсеткіштері оның абсолют
сыну көрсеткіштеріне іс жүзінде тең болатынын көрсетті.
Заттардың әртүрлі ортамен салыстырғандағы сыну көрсеткіш те-
рінің де әртүрлі болатындығын ескеріп,
оптикалық тығыздық деген
ұғым енгізіледі.
Егер жарық шоғы бір заттан екінші затқа өткенде сынған сәуле
перпендикулярға жақындаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан кем
болса, онда екінші зат оптикалық тығыздығы үлкен орта деп аталады.
Егер жарық шоғы бір ортадан екінші ортаға өткенде сынған сәуле
перпендикулярдан алшақтаса, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан
артық болса, онда екінші ортаның оптикалық тығыздығы аз деп
аталады.
Оптикалық тығыздығы аз ортаның абсолют сыну көрсеткіші (
n
1

оптикалық тығыздығы үлкен ортаның абсолют сыну көрсеткішінен
(
n
2
кіші болады:
n


n
2
.
4. Жарық ауадан пішіндері әртүрлі мөлдір затқа (мысалы, жазық
параллель бетті шыныға және үшбұрышты шыны призмаға) түсіп,
одан қайыра ауаға шыққанда қандай құбылыстардың пайда болатынын
анықтайық.
Жарық сәулесі ауадан жазық шынының жоғарғы бетіне
α бұрышпен
түссін (сурет 7.15,
а). Түскен сәуленің шамалы бөлігі шыны бетінен
шағылады да (пунктир сызық), негізгі бөлігі шыны ішінде
γ бұрышпен
сынады. Ауаның оптикалық тығыздығы шынының оптикалық тығыз-
дығынан кем болғандықтан, сәуленің шыныдағы сыну бұрышы оның
ауадағы түсу бұрышынан кіші болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет