Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет205/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   302
кернеулік 
деп  атап, 
Е  әрпімен  белгілеген  едік  (§20).  Сол  сияқты  магнит  өрісінің 
әрекетін  күштік  тұрғыдан  сипаттайтын  физикалық  шаманы 
магнит 
индукциясының векторы деп атап, В әрпімен таңбалайды. Электр өрі- 
сінің 
Е  кернеулік  векторы  да,  магнит  өрісінің  В  индукция  векторы  да 
күш сызықтарына жанама болып орналасады (сурет 6.2). Электр өрісінің 
Е  кернеулік  векторының  күш  сызықтары  оң  зарядтан  теріс  зарядарға 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


155
қарай  (сурет  6.2, 
а),  ал  магнит  өрісінің  В  индукция  векторының  күш 
сызықтары магниттің солтүстік полюсінен оңтүстік полюсіне қарай (сурет 
6.2, 
б) бағытталады. Алайда оларды бір түрлі өріске жатқызуға болмай-
ды. Олардың айырмашылықтары жоғары сыныптарда қарастырылады. 
5.  Магниттік  қасиеттер  аспан  денелеріне  де  тән.  Мысалы, 
ғарыш  кеңістігінен  келетін  метеориттер  де  магниттік  қасиеттерімен 
ерекшеленеді.  Сондай  метеориттердің  сынықтары  Ресейдің  Петер-
бургтегі  «Тау-кен  мұражайында»  және  Эстонияның  Тарту  универ-
ситетінің «Жаратылыстану мұража йында» сақтаулы тұр (сурет 6.1, 
б).
Табиғи магниттерден ертеде компас (тұсбағдар) жасап, пайдалана 
бастаған  қытайлықтар  болатын.  Компастың  тілінің  солтүстік  полюсі 
(N)  үнемі  Жер  шарының  солтүстігіне  Темірқазық  жұлдызына  қарай 
бағдарланып  тұрады  (сурет  6.3).  Өйткені  Жердің  өзі  де  алып  маг-
нит болып табылады. Оның магнит өрісінің оңтүстік полюсі (S) Жер 
шарының  солтүстік  жағында  орналасқан.  Ал  магниттердің  әраттас 
полюстері бір-біріне тартылатын болғандықтан, компастың солтүстік 
полюсі  Жердің  магнит  өрісінің  оңтүстік  полюсіне  қарай,  яғни  Жер 
шарының  солтүстігіне  қарай  бағдарланады.  Сондықтан  компас 
көлік  құралдарының  барлық  түрлерінде,  тіпті  ғарыш  кемелерінде 
де  бағдарды  анықтайтын  өте  тамаша  құрал  болып  табылады.  Зерт-
теулер Жер ғана емес, Күннің де, алыстағы жұлдыздардың да, тіпті 
тозаңдар жиынтығынан тұратын «жұлдызаралық бұлттардың» да маг-
нит өрістерінің бар екенін көрсетеді. 
Жердің магнит өрісінің пайдасы орасан зор. Күн мен басқа жұл-
дыздар Ғаламдағы табиғи термоядролық атом реакторлары болып та-
былады. Олардан тарайтын аса қауіпті радиоактивті сәулелерді (заряд-
Сурет 6.3. Жер – алып магнит (оң жақ бұрышта компас)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


156
талған  бөлшектерді)  Жердің  магнит  өрісі  кері  қайтарып,  тіршілік 
иелерінің өмірін сақтайды. Сондай-ақ Жердін магнит өрісін пайдала-
нып, жануарлардың бағдар табатыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет