Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Магнит пен шарғының өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде



Pdf көрінісі
бет230/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   302
4.
 Магнит пен шарғының өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде 
шарғыда пайда болған электр тогын индукциялық ток деп атайды.
Латынның  «индукция»  сөзі  «әкелінген»  деген  мағына  береді.  Бұл 
ток  шарғыда  «индукцияланады»,  яғни  магнит  тарапынан  шарғыға 
«әкелінеді». Индукциялық ток қазіргі өркениетті онсыз елестетуге бол-
майтын 
айнымалы ток болып табылады. 
Айнымалы ток
 деп бағыты мен шамасы периодты өзгеріп отыра-
тын токты айтады. 
5.  Фарадейдің  ашқан  жаңалығы  техника  мен  технологияның  қа-
рыштап дамуына ұлы бетбұрыс жасады. Солардың бірі – электр тогын  
өндіретін генераторлар болып табылады. Электр стансыларының бар-
лық  түрлерінде  айнымалы  ток  өндіретін  генераторлар  қолданылады 
(сурет 6.17, 
ә). Сонымен қатар жекелеген мақсаттар үшін тұрақты ток 
генераторлары да шығарылады.
Генераторлардың қай түрін алсақ та, олардың барлығы электр то-
гын өндірудің Фарадей ашқан 
электрмагниттік индукция принципіне 
негізделеді.  Сондықтан  тұрақты  ток  генераторының  құрылымдық 
элементтеріне  қызықпай-ақ,  өндірісте  жан-жақты  қолданыс  тапқан 
айнымалы  ток  генераторының  жұмыс  принципі  мен  құрылымын 
қысқаша қарастырайық (сурет  6.17).
 
Егер магнит өрісінде орналасқан өткізгіш раманы (сурет 6.17, 
а)  
қолымызбен  айналдырсақ,  оның  бойында  индукциялық  ток  пайда  
болады.  Пайда  болған  ток  раманың  екі  ұшы  жалғанған  екі  жарты  
сақина арқылы қозғалмайтын шөткелерге беріледі де, одан әрі тұты-
нушыларға  жетеді.  Сөйтіп,  үлгі  ретінде  ұсынған  қарапайым  генера-
тор  қол  күшіміздің  механикалық  энергиясын  электр  энергиясына 
түрлендіреді.  Міне,  осылайша  электр  стансыларында  қолданылатын 
өндірістік  генераторлар  да  электр  энергиясын  өндіреді.  Ал  олардың 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


172
роторларын жылу электр стансыларында жоғары қысымдағы будың, 
су электр стансыларында құлап аққан судың, ал жел электр стансыла-
рында соққан желдің турбиналары айналдырады.
Сонымен, генератор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет