204
Егер нәрсе линзаның алдыңғы фокусына жетпей
F <
d < 2
F арасы-
на орналасса (сурет 7.25,
в),
онда
төңкерілген, үлкейтілген және
шын
кескін аламыз.
Егер нәрсе линзаның алдыңғы фокусын басып өтетін вертикаль
жазықтықта орналасса (сурет 7.25,
г),
онда барлық сынған сәулелер
линзадан параллель өтіп, кескін шексіздікке кетіп жоғалады. (Экранда
кескінсіз ақ жарық қана көрінеді).
Егер нәрсе линза мен оның бас фокусы арасына орналасса (сурет
7.25,
д),
онда нәрсенің ұшынан шыққан екі сәуле линзадан шашырай сы-
нып, бір-бірімен қиылыспайды. Олар тараған бағыттарында емес, қарама-
қарсы бағытта ғана жорамал нүктеде қиылысады (үзілісті сызықтар).
Бұл жағдайда линзада нәрсенің
жалған, үлкейтілген және
тура кескіні
пайда болады. Нәрсенің нақ осындай кескінін лупадан қарағанда көреміз.
Сонымен, дөңес линзадағы дене кескінінің пішіні оның линзадан ор-
наласу қашықтығына байланысты өзгеріп отырады.
6. Енді нәрсенің ойыс (шашыратқыш)
линзадағы кескінін қарастырайық (сурет
7.26). АВ денесі берілсін. Дененің кез кел-
ген нүктесінің (мысалы, А нүктесінің) ойыс
айнадағы кескінін салу үшін жоғарыда си-
патталған үш сәуленің ішінен екі сәулені
таңдап аламыз. Олардың бірі А нүктесінен
бас оптикалық өске параллель қозғалып,
ойыс линзадан шашырай сынады. А нүк-
тесінен шыққан екінші сәуле линзаның центрі арқылы сынбай өтеді. Бір-
бірінен алшақтай түскен бұл екі сәуле линзаның сыртында қиылыспайды.
Бірінші сынған сәуленің жорамал фокусқа бағытталған жалғасы (үзілісті
сызық) екінші сәулемен линзаның алдыңғы жағында А′ нүктесінде
қиылысады. Міне, осы нүкте А нүктесінің жорамал кескінін береді. Осы-
лайша, В нүктесінің де В′
жорамал кескінін табамыз. Сөйтіп, нәрсенің
ойыс линзадағы кескіні
жалған,
кішірейтілген және
тура кескін болып
табылады.
Ойыс линзадағы кескін дене линзадан қандай қашықтықта орналасса
да
жалған,
кішірейтілген және
тура күйінде қала береді (сурет. 7.26).
Достарыңызбен бөлісу: