Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Ғылым мен техниканың даму тарихынан



Pdf көрінісі
бет283/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   302
Ғылым мен техниканың даму тарихынан
асырып, оның сыртында жинаса (сурет 7.30, в), онда жақындағы нәрсе 
көмескі көрінеді де, 
алыстан көргіштік орын алады.
Бақытымызға  қарай,  көздің  мұндай  ақаулары  мен  кемістіктерін 
шашыратқыш  немесе  жинағыш  линзалар  арқылы  жоюға  болады. 
Жақыннан  ғана  көргіштік  кемшілігінен  арылып,  қалыпты  көруді 
қамтамасыз  ету  үшін 
шашыратқыш  линзалар  қолданылады  (сурет 
7.30, 
б).  Ал  алыстағыны  ғана  көре  алатын  шектеуден  құтылу  үшін 
жинағыш линзалар пайдаланылады (сурет 7.30, 
д). 
Линзалардың  көздің  мөлдір  қабығына  тікелей  жанастырып 
қоятын  түрлері  де,  көзілдірік  арқылы  пайдаланатын  түрлері  де  бар 
(сурет  7.31).  Сонымен  қатар  ота  жасау  әдістерімен  де  көздің  көру 
кемшіліктерін түзетеді.
Сурет 7.31. Жанаспалы линзалар мен көзілдіріктерді пайдалану
Ғылым  тарихына  «оптиканың  атасы»  деген  атау мен  енген 
әрі математик, әрі механик, әрі физик, әрі астроном, әрі шипагер 
арабтың  әмбебап  ғұламасы  Ибн  аль-Хайсам  өзінің  үлкен  еңбегі 
«Оптикалық трактатында» көздің оптикалық жүйесін ашып, жұмыс 
істеу  принципін  ғылыми  тұрғыда  түсіндірген  алғашқы  ғалым  бо-
латын. Оның атағы ортағасырлық Еуропаға «Альхазен» деген ла-
тынша атпен тарады. Ол практика мен теорияны ұштастыра білген 
хас  шебер  еді.  Ұқыпты  жүргізген  эксперименттік  зерттеулерінің 
нәтижелері  математикалық-теориялық  дәлелділігімен  қисын  та-
уып,  замандастарын  да,  кейінгі  ұрпақты  да  өз  шығармаларына 
тәнті етті. Неміс ғалымы Генрих Вюстенфельд (1808–1899) араб 
тіліндегі  көптеген  еңбектерді,  солардың  ішінде  Альхазеннің  де 
еңбектерін басып шығарды. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет