179
4. Жарық сәулелері мен шоқтарының түзусызықты таралу заңына
және өзара тәуелсіздік заңына сүйеніп,
көлеңке және
шала көлеңке
ұғымдарының физикалық мағыналарын аша аламыз. Ол үшін екі
нүктелік жарық көзін (мысалы, екі қалта шамы), доп және экран
алып, төменде (сурет 7.3) көрсетілген тәжірибені жасайық. Бұған мек-
теп зертханалары үшін арнайы жасалған қондырғыны (сурет 7.3,
а)
пайдалану ұтымды болады; егер жоқ болса мектеп шеберханасында
жасап алуға болады.
Тәжірибені қараңғы бөлмеде бір нүктелік шамды пайдаланудан
бастайық (сурет 7.3,
ә). Бұл тәжірибе нәтижесінде экранда дөп-дөңгелек
көлеңке пайда болады. Оның себебі
S центрінен (нүктелік жарық
көзінен) шыққан конус пішінді шашыратылған жарық шоғының әрбір
сәулесі түзу бойымен тарап, доптың жарты бетіне түседі де, одан өте
алмай жұтылады. Доптың қарсы жақ бетіндегі экранда жұтылған
сәулелердің орнына қара дақ – көлеңке пайда болады. Ал жұтылған
сәулелер доптың ішкі энергиясын өсіреді. Бұл тәжірибе жарықтың
шын мәнінде түзу бойымен тарайтындығын дәлелдейді.
Енді екі шамды да жағып (сурет 7.3,
а және
б), тәжірибені жал-
ғастырайық. Егер шамдар бір-бірінен алшақ орналасса, онда жарық
шоқтарының тәуелсіздік заңына сәйкес екі көлеңке жеке-жеке пайда
болады. Ал шамдарды бір-біріне жақындатсақ, онда бір көлеңке мен
екі шала көлеңкені көреміз (сурет 7.3,
б). Өйткені
S
1
центрінен шыққан
жарық конусының жұтылған орнында пайда болған көлеңкенің бір
бөлігіне екінші
S
2
центрінен шыққан жұтылмаған жарық түседі де,
1-шала көлеңке пайда болады. 2-шала көлеңкенің пайда болуы да осы-
лайша түсіндіріледі. Ал ортанғы бөлікке екі жарық көзінен де жарық
сәулесі түспейді, сөйтіп толық жалғыз көлеңке пайда болады.
Сонымен,
экранның жарықталмаған бөлігі көлеңке деп, ал жар-
тылай жарықталған бөлігі шала көлеңке деп аталады.
Сурет 7.3.
Көлеңке
және жартылай көлеңке
а)
ә)
б)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
180
5. Екі нүктелік жарық көздерін бір ғана созылымды үлкен жарық
көзімен алмастырғанда да көлеңке мен шала көлеңке пайда болады.
Осындай құбылысты ғарыш масштабында
Күн мен Айдың тұтылулары
кезінде байқай аламыз. Мысалы, жоғарыда сипатталған тәжірибедегі (су-
рет 7.3,
б) S
1
және S
2
нүктелік жарық көздерінің орнына екеуін бірдей
қамтитын Күн табағын қойып (сурет 7.4,
а), ал доп орнына Айды,
экранның орнына Жерді алып, Айдың Жерге түскен көлеңкесін ғарыш
кемесінен бақыладық дейік. Сонда біз Айдың Күн
мен Жердің арасынан
өткен кезіндегі Жер бетінде пайда болған бір толық көлеңкесі мен екі
шала көлеңкесін көреміз (сурет 7.4,
ә).
Толық көлеңке түскен А аймағындағы Жер тұрғындары Күннің толық
тұтылғанын көреді. Өйткені Ай бұл аймақта Күннің көзін толығымен
көлегейлеп жабады (сурет 7.4, көрініс А). Ал шала көлеңке түскен В
аймағының тұрғындары Күннің жоғарғы шетін ғана, яғни жартылай
тұтылғанын көреді (сурет 7.4, көрініс В). Сол сияқты 2-шала көлеңке
түскен С аймағының тұрғындары Күннің жартылай тұтылған төменгі
шетін көреді (сурет 7.4, көрініс С).
Сонымен,
Күннің тұтылу құбылысы да жарықтың түзусызықты
таралу заңын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: