6. Жылу алмасудың үшінші түріне
сәуле шығару жатады. Жылу
алмасудың жоғарыда қарастырған екі түрі –
жылуөткізгіштік үшін
де,
конвекция үшін де молекулалар мен атомдардан тұратын заттық
орта қажет. Ал
сәуле шығару арқылы жылу берілу затсыз ортада
да, яғни вакуумде де орындалады. Міне, осылайша, Күннен шыққан
сәулелер ғарыш кеңістігіндегі терең вакуумге қарамастан, бойындағы
жылулық энергияны алысқа жеткізіп бере алады. Мұндай ерекше
сәулелерді
электрмагниттік толқындар деп атайды. Электрмагниттік
толқындардың физикалық мағынасы келесі сыныптарда ашылады.
Сәуле шығару