Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет155/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   219
Эйнштейн формуласы
Формула Эйнштейна для 
фотоэффекта
Einstein's formula for the
photoelectric effect
рентген сәулесі
рентгеновское излучение
X-ray radiarion
α, β және γ – сәулелену
-α, β и γ – излучение
- α, β and γ –
radiation
α-бөлшегі
α-частица
α-particle
резерфорд тәжірибесі
Опыт резерфорда
The experience of
Rutherford


221
ПРОЕКТ
§38.
 
жЫЛуЛЫҚ СәуЛЕ ШЫҒАру
1. XX ғасырдағы ғылыми ойдың ұлы жеңісі атомның құрылысын 
түсіндіріп, микроәлемде орын алатын физикалық құбылыстарды сипат-
тайтын жаңа теорияның жасалуы еді. Физикада 
кванттық теория
деп аталатын мүлдем жаңа көзқарасты қалыптастыруда қызған дененің
сәуле шығаруын эксперименттік зерттеу үлкен рөл атқарды. Жоғары 
температураға дейін қыздырғанда дене әртүрлі түске еніп, сәуле шы-
ғара бастайтынын білеміз. Мысалы, темірді қыздырғанда, ол әуелі қы-
зыл, одан кейін қызыл сары, одан әрі ақ сары түске бөленеді. Электр 
шамының вольфрам қылын 3000
°
С-қа дейін қыздырғанда, ол ақ жарық 
сәуле шығарады. Күннің жарығы, жұлдыздардың шығаратын сәулелері 
де олардың температурасының өте жоғары болуына байланысты.
Қызған денелердің ішкі энергия есебінен сәуле шығарып, электр-
магниттік энергия таратуын 
жылулық сәулелену 
деп атайды.
Жылулық сәулелену құбылысы тек қызған денелерде ғана емес, сал-
қын денелерде де орын алады. Электр шамының вольфрам қылы 3000
°
С-
қа дейін қызғанда көзге көрінетін ақ жарық шығарса, температурасы 
төмендеген сайын денелер көрінбейтін жиілігі төмен 
инфрақызыл сәуле-
лер
шығарады. Сондай-ақ денелердің температурасы тым жоғары болса, 
олар көрінбейтін жиілігі өте үлкен 
ультракүлгін сәулелер
шығарады.
Жылулық сәулелердің барлық түрлерінің табиғаты бірдей, яғни жа-
рық сияқты электрмагниттік толқындар болып табылады. Олар бір-бірі-
нен, тек жиіліктеріне немесе толқын ұзындықтарына қарай ажырайды.
2. Денелердің нақты температурадағы әртүрлі толқын ұзындығында 
(жиілігінде) шығаратын сәулелерінің энергияларын өлшей отырып, ға-
лымдар XIX ғасырдың аяғында аса мол эксперименттік мәлімет жина-
ды. Алайда тәжірибеден алынған жылулық сәулеленулер энергиясы-
ның олардың 
λ
толқын ұзындығына тәуелділік қисығын 
 
(

) (1-қисық, 
сурет 6.1) Ньютонның да, Максвеллдің де классикалық теориялары 
түсіндіре алмады. Классикалық теорияға негіздеп салынған 
 
(

) тәуел-
ділігінің қисығы (3) ультракүлгін аймағында шексіз биіктей береді. Ал 
эксперименттік қисық (1) ақ жарық маңайындағы максимумге жеткен-
нен кейін ультракүлгін аймағында, керісінше, минимумге құлдырайды. 
Эксперименттік нәтиже мен классикалық теория арасындағы мұндай 


222
ПРОЕКТ
кереғар қарама-қайшылық 
ультракүлгін апаты
деген атаққа ие бол-
ды. Сөйтіп, жылулық сәулелену құбылысын түсіндіру классикалық фи-
зика тұрғысынан тұйыққа тірелді.
3. Эксперименттік зерттеулер денелердің жылулық сәулелерді шыға-
румен қатар, оларды жұта да алатынын көрсетті. Оны көптеген тәжі-
рибелер растайды. Мысалы, параболоидтық айнаға вольфрам қылы бар 
қуатты электр шамын орнатып, оны инфрақызыл сәулесін шығаратын-
дай етіп қыздырайық. Оған қарама-қарсы қойылған екінші айнаның 
фокусына қара түске боялған құрғақ мақтаны іліп қойсақ, ол белгілі 
бір уақыттан кейін «өз-өзінен» тұтанып жана бастайды (сурет 6.2). Бұл 
тәжірибе электрмагниттік толқындардың энергия таситынына және қара 
денелердің сәулелік энергияны жақсы жұтатынына көзімізді жеткізеді. 
Физикада денелердің сәулелерді жұту қабілетін салыстыру үшін «абсо-
лют қара дене» деген ұғым енгізіледі.
Сурет 6.2. Сәулелер энергия тасиды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет