32
ПРОЕКТ
3. Еркін түскен тастың Жерге соғылар сәттегі жылдамдығы 40 м/с. Тас
қандай биіктіктен құлаған? Құлауға қанша уақыт кетті?
4. Тас 30 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылды. 4 с өткеннен кейін
оның жылдамдығы қандай болады? Осы уақыт ішіндегі тастың екі өс-
тің бойындағы координаталарының өзгерісін анықтаңдар.
5. Тас Жермен салыстырғанда 10 м биіктіктен 20 м/с жылдамдықпен
горизонталь лақтырылды. Жерге құлар сәттегі ұшу уақытын, ұшу қа-
шықтығын және ұшу жылдамдығын анықтаңдар.
6. Доп 20 м/с жылдамдықпен Жер бетінен көкжиекке 45
°
бұрышпен
лақтырылды.
д
оптың ең үлкен көтерілу биіктігін, ұшу қашықтығын,
траекторияның ең жоғарғы нүктесіндегі жылдамдығын, қозғалыс бас-
талғаннан 2 с өткен кездегі горизонталь жылдамдығы мен координа-
таларын анықтаңдар.
Галилейге (1564–1642 ж.ж.) дейін денелердің Жер бетіне құлауы жөнінде
элладалық Аристотельдің (384–322 б.д.д.) қорытынды пікірі ешқандай күмән
туғызбады. Оның тұжырымдауы бойынша бірдей биіктіктен құлағанда ауыр де-
нелерге қарағанда жеңіл денелер ұзақ уақыт жұмсайды. Аристотельдің осындай
пайымдауын италияндық Галилей теріске шығарды. Соған қарамастан Галилей
де, басқа ғалымдар да Аристотельдің зор ойшылдығын бағалап, оны ұлы ұстаз
тұтты. Солардың бірі Ұлы Дала елінің өкілі Әбу-Насыр әл-Фараби (870–950 ж.ж.)
бабамыз да «мен Аристотельдің «Физикасын» 200 рет қайталап оқыдым» деп
жазғаны белгілі. Галилей 1583 жылы барлық денелер ауасыз кеңістікте Жер
бетіне бірдей биіктіктен бірдей уақытта жетеді деген болжам жасады.
Кейінірек Ньютон (1642–1727 ж.ж.) Галилейдің болжамының дұрыстығын
«Ньютонның түтіктері» деп аталып кеткен шыны түтікті пайдаланып дәлелдеді. Ол
түтіктің ішіндегі ауаны өзі ойлап жасаған сорғының жәрдемімен сорып шығарып,
жеңіл қауырсын мен ауыр қорғасын бытырасының ауасыз кеңістікте бірдей
жылдамдықпен құлайтынын көрсетті.
Оқушы кезінің өзінде оқып білгендерін жұмыс
дәптерлеріне қысқаша жазып, әрі сақтап отыруға
дағдыланған Ньютон бір дәптерінің бетінде оның
талапшыл да шыншыл бейнесін ашатын мынадай
сөздерді қалдырған екен: «
Философияда шындық-
тан өзге құдіретті билеушінің болуы мүмкін емес...
Біз Кеплерге, Галилейге, Декартқа алтыннан ес-
керткіш орнатып, олардың әрқайсысына «Платон –
дос, Аристотель – дос, алайда нағыз дос – шындық»,
– деп жазуымыз керек». Ұлы Ньютон сөзінде тұрып,
аталған ғұламаларға алтыннан да артық ескерт-
кіштерді өзінің шығармашылық еңбегімен табиғат-
тың іргелі заңдарын ашу арқылы орнатты.
Достарыңызбен бөлісу: