33
ПРОЕКТ
Галилей еркін құлаған денелердің теңүдемелі қозғалыстарының үдеуле-
рінің тұрақты болатынын және барлық жағдайда да сан мәндерінің 9,81 м/с
2
шамасына тең болатынын тәжірибе жасап анықтады. Тәжірибе жасау үшін ол өзі
туған Пиза қаласындағы туристерді қызықтыратын биіктігі 58 м болатын «мәңгі
құлаушы» Пиза мұнарасын таңдап алды (сурет 1.20). Міне, Галилей тапқан осы
тұрақты шама (9,81 м/с
2
) физика ғылымының тарихына дененің Жер бетіндегі
еркін түсу үдеуі деген атаумен енді.
№2 зертханалық жұмыс
Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу
Жұмыстың мақсаты:
горизонталь лақтырылған дененің ауырлық күші
әрекетінен қозғалысын зерделеу және бастапқы жылдамдығын анықтау.
Құрал-жабдықтар:
1) зертханалық
штатив және олардың қысқаштары;
2) шарик қозғалатын науа; 3) аржадан (фанерадан) жасалған тақта; 4) шарик;
5) қағаз парағы; 6) кнопкалар; 7) қара бояулы көшіргіш қағаз.
Жұмысты орындау реті
1. Штативтің көмегімен аржа тақтасын вер-
тикаль бағытта қысқашпен бекітіңдер (сурет 1.21).
Сол қысқашпен шарик қозғалатын науаның шетін
де қысыңдар. Науаның бүгілген төменгі жағын го-
ризонталь орналастырыңдар.
2. Тақтаға ені 20 см-ден кем емес қағаз парағын
кнопкалармен бекітіңдер.
Төменгі горизонталь ақ
қағаз бетіне қара бояулы көшіргіш қағазды орна-
ластырыңдар.
3. Шарикті тұрақты
биіктіктен науадағы ал-
ғашқы орнын өзгертпей бес рет түсіріңдер де, көшіргіш қағазды алып тастаң-
дар (оның орнында шариктің горизонталь бетке түскен кездегі іздері қалады).
4. Шариктің
h
құлау биіктігін және әр жолғы
l
ұшу қашықтығын өлшеңдер.
5. Ұшу қашықтығының арифметикалық орташа мәнін мына формула бо-
йынша есептеңдер:
l
орт.
= (
l
1
+
l
2
+
l
3
+
l
4
+
l
5
)/5.
6. Шариктің ұшу уақытын мына формуладан есептеп шығарыңдар:
h
=
gt
2
2
,
бұдан
t
=
2
h
g
.
7. Шариктің бастапқы жылдамдығын мына формуладан есептеп шығарың-
дар:
l
орт
=
ϑ
0
·
t
.
8. Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге түсіріп жазыңдар:
Сурет 1.21
h
34
ПРОЕКТ
Тәжірибе реті
h
, м
l
, м
l
орт
, м
ϑ
орт
, м/с
№1
№2
№3
№4
№5
9. Зерттеу нәтижелері
бойынша қорытындылар жасап, өзара талқылаңдар.
1. Біз осы уақытқа дейін үдеулері тұрақты қозғалыстарды қарастыр-
дық. Мысалы, үдеуі нөлге тең болатын түзусызықты бірқалыпты қоз-
ғалысты және үдеулері нөлден үлкен немесе нөлден кіші тұрақты сандар
болатын түзусызықты
теңайнымалы қозғалыстарды, солардың бірі –
дененің еркін түсуін сипаттадық.
Достарыңызбен бөлісу: