Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет76/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   219
гравитациялық өріс
 деп атайды.
Гравитациялық өріс те, электрмагниттік өрістер сияқты бізді қор-
шаған ақиқат материяның 
заттық
түріне емес, 
өрістік
түріне жатады.
5. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кез келген пішінді денелер үшін 
қолдануға болмайды. 
F
G
m m
R
=
1
2
2
формуласы түрінде айқындалған 
Бүкіләлемдік тартылыс заңының белгіленген
қолдану шегі
бар. 
Бұл заңды қолдану үшін үш шартты білу қажет. Біріншіден, бұл 
заң нүктелік денелер үшін орындалады. 
Нүктелік денелер
деп ара-
қашықтықтарымен салыстырғанда өз мөлшерлерін елемеуге бола-
тын денелерді айтады.
Бұған мысал ретінде Күн мен Жерді атауға 
болады. Екіншіден, Бүкіләлемдік тартылыс заңын сфералық дене-
лер үшін қолдануға болады (сурет 3.28). Мұндай жағдайда сфералық 
денелердің арақашықтығы деп олардың центрлерінің арақашықтығын 
айтады. Бұған сфера пішінді кез келген денені алуға болады. 
Үшіншіден, екі дененің біреуі шар тәріздес, ал екіншісі нүктелік дене
болса, жоғарыдағы формуланы қолдануға болады. Міне, сондықтан Ка-
вендиш бүкіләлемдік іргелі шама – гравитациялық тұ-рақтының сан 
мәнін анықтау үшін шар тәріздес денелерді пайдаланады.


101
ПРОЕКТ
Гравитациялық тұрақтының шамасын XVIII ғасырдың аяғында
1798 жылы ағылшынның хас шебер экпери-
ментші-ғалымы Генри Кавендиш өте сезімтал 
бұралмалы таразының көмегімен анықтады 
(сурет 3.29). Таразының ішінде массалары
М
1

М
2

М
өлшенген екі үлкен шар берік бе-
кітілген. Серпімді металдан жасалған сым-өзек-
ке ілінген күйентенің екі ұшына массалары
m
1

m
2

m
өлшенген екі кішкентай шар орна-
тылған. Кішкентай шарларды үлкен шарлар-
дан белгілі бір 
r
арақашықтықта жайғасты-
рып, айналы таразының шкаласындағы сәуле 
шоғының қанша бөлікке бұрылғанын жазып 
отырған. Үлкен және кіші шарлардың бір-біріне 
F
тартылу күшін,
яғни серпімді сым-өзектің ширығу күшін градуирленген шкаланың 
көрсетуі бойынша анықтаған. Тәжірибені әртүрлі жағдайда бірнеше рет 
қайталай отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңының 
F
G
m m
R
=
1
2
2
фор-
муласындағы жалғыз белгісіз шама – 
G
гравитациялық тұрақтының 
мәнін тапқан:
G
R F
m m
r F
mM
=
=
2
1
2
2
= 6,67 · 10
–11
Н · м
2
/кг
2
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет