200
ПРОЕКТ
Енді оның тармақтарының біріне инені бекітіп, оны қарайтылған әйнек
үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның синусоидалық
тербелісінің графигін аламыз (сурет 5.29).
Сурет 5.29:
а
)
қатты және
ә
) жай дыбыстар графиктері
X
X
а
)
ә
)
Қатты дыбыс
t
t
Жай дыбыс
Камертонды таяқшамен неғұрлым қаттырақ ұрсақ, ол соғұрлым қат-
тырақ дыбыс шығарады және камертонның тармақтары едәуір үлкендеу
амплитудамен тербелетін болады (сурет 5.29,
а
).
Камертонды ақырын
ұрғанда амплитудасы кіші тербеліс тудырып (сурет 5.29,
ә
), бәсең дыбыс
шығарады.
Сонымен,
дыбыс қаттылығы
дыбыс шығаратын дененің тербеліс-
тер
амплитудасымен
анықталады
.
Дыбыс қаттылығының деңгейі Халықаралық бірліктер жүйесінде
белмен (Б)
өлшенеді. Бір бел 10 децибелге (дБ) тең. Бұл өлшем 1847–
1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан америкалық өнер-
тапқыш А. Бельдің құрметіне берілген.
16 Гц-тен 20 000 Гц-ке дейінгі адамдар қабылдайтын дыбыстар диа-
пазоны 0-ден 140 дБ-ге дейінгі аралықта жатады. Мысалы, ұшақ қоз-
ғалтқышы гуіліндегі дыбыс қаттылығы 120 дБ, жапырақ сыбдыры 10 дБ
шамасында естіледі. 180 дБ-ден артық болатын дыбыс құлақ жарғағын
зақымдауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: