216
ПРОЕКТ
бірінен ерекше айырмашылығы жоқ, олардың барлығы да зарядталған
бөлшектердің тербелмелі қозғалыстарынан туындайтын электрмагниттік
толқындар болып табылады. Электрмагниттік сәулелер ішінде Жер бе-
тіндегі тіршілік үшін әсіресе ақ жарықтың орны ерекше. Мысалы, адам
көзіне түскен жарық сәулелері арқылы өзін қоршаған ортадан келіп тү-
сетін бар ақпараттың 80%-дан астамын қабылдайды.
Қызыл түстің сыртында көзге көрінбейтін
инфрақызыл сәуле
де
электрмагниттік толқын болып табылады; оны қатты қызбаса да, кез
келген жылы дене шығарады. Инфрақызыл сәулені сезініп, тіркей ала-
тын аспаптарды
түнгі көру
құралдары деп атайды. Олардың жәрдемі-
мен қараңғы түнде аңдар мен малдарды немесе жасырынған ұрыларды
бақылауға болады.
Электрмагниттік толқындар шкаласында инфрақызыл сәуледен кейін
әртүрлі жиіліктегі қысқа, орта және ұзын толқынды
радиотолқындар
орналасады. Сөз бен ән-күй немесе әртүрлі бейнеқозғалыс түріндегі ақпа-
раттарды алысқа жеткізуде радиотолқындар қолданылады.
Көзге көрінбейтін
ультракүлгін сәуле
ақ жарық спектрінің қысқа
толқынды күлгін түсті бөлігімен шегаралас орналасқан. Бұл сәулелер
кейбір химиялық қосылыстармен әрекеттеседі. Сондықтан белгілі мөл-
шерде қолданғанда адам терісінің бетінде қорғаныс туғызатын пайдалы
D
дәрумені сияқты жеңіл пигменттік дақ түзеді. Жалпы алғанда оның
аз мөлшері пайдалы: ағзаны сауықтырады, әртүрлі микроптар мен бак-
терияларға қарсы қорғаныс қабілетін арттырады, жүйкеге жағымды әсер
береді. Алайда оның көп мөлшері зиянды: көздің торлы қабықшасын бұ-
зады, теріні де күйдіріп жаралайды.
Ультракүлгін сәулелерінен кейін жиіліктері одан да жоғары
Достарыңызбен бөлісу: