28
ПРОЕКТ
4.
5.
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне
және басқа себептерге байланысты қалай да қателік кетеді. Қателіктерді
мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей, өлшеу жұмыстарын бірнеше
рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні
есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.
1. 7-сынып физикасында ауырлық күші
F
=
mg
формуласымен
анықталатынын айтқан едік. Мұндағы
m
массаның алдында тұрған
коэффициентті
g
таңбасымен белгілеп, оның шамасы 9,81 санына
тең болатынын (
g
≈
9,81 м/с
2
) және
еркін түсу үдеуі
деп аталатынын
ескерткенбіз. Міне, осы шаманы ғылыми эксперименттік физиканың
негізін салушы италияндық ұлы ғалым Галилео
Галилей 1583 жылы алғаш рет тәжірибе жасап
анықтаған болатын. Кейінірек ауырлық күшінің
Жердің денелерді тартатын
гравитациялық күші
екендігі белгілі болды. «Гравитация» атауының
төркіні де латынның «
гравио
» – «
тарту
» деген
сөзінен шыққан. Тарту күшінің әрекетінен Жер
бетіне жақын денелердің бәрі де оның центріне
қарай құлайды.
Достарыңызбен бөлісу: