262
ПРОЕКТ
Cурет 7.3. Тізбекті ядролық реакция
Уранның әр ядросы бөлінгенде аса мол энергия (200 МэВ)
босап
шығатынына көз жеткізейік. Уранның меншікті байланыс энергиясы
7,6 МэВ/нуклон шамасына тең. Ал
уран сынықтарының массалары
одан екі есе кіші десек, олардың орташа меншікті байланыс энергиясы
8,5 МэВ/нуклон болады (сурет 7.1). Сонда бөлінетін ядро мен бөліну
жарықшақтарының (туынды ядролардың)
арасындағы бір нуклонға
шаққандағы энергия айырымы
∆
Е
= (8,5 – 7,6) МэВ = 0,9 МэВ болады.
Уран-236 изотопының бір ядросында 236 нуклон бар. Ендеше, уранның
бір ядросы бөлінгенде 0,9 МэВ • 236 = 200 МэВ энергия босайды.
Босаған энергия туынды бөлшектердің (ядролардың, нейтрондардың)
кинетикалық энергиясынан және гамма-кванттардың электрмагниттік
энергияларынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: