Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б


Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы



Pdf көрінісі
бет42/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   219
4. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы
белгілі бір орында 
жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның 
көрінісін анықтау мақсатында қолданылады. Карта екі бөліктен: жұл-
дыздар картасы мен қондырма дөңгелектен тұрады. Картада жұлдыз-
дар, шоқжұлдыздардың танымал бейнесі, олардың шегаралары, аспан-
ның экваторлық координаталарының торы бейнеленген.
Картаның орталығында еңістік дөңгелектерінің радиалды сызықтар 
түріндегі көшірмелері қиылысады. Бұл нүкте – дүниенің солтүстік полю-
сі. Тура көтерілу мәндері карта жиегінің ішкі жағында сағат тілінің 
бағытымен әр 1 сағ сайын жазылған. Аспан экваторы (еңістігі 0
°
) және 
аспанның үш ендігі әр 30
°
сайын концентрлік шеңбермен сызылып, бас-
тапқы еңістік дөңгелегімен (0 сағ – 12 сағ түзуі) қиылысқан тұстарында 
градуспен таңбаланған. Осы сандардың көмегімен аспан шырақтарының 
экваторлық координаталарының мәндерін жуықтап анықтауға болады.
Аспан экваторының ішкі жағында аспанның солтүстік жартышары, 
одан тысқары оңтүстік жартышарының 45
° 
еңістікке дейінгі аймағы 
орналасқан.
Дүниенің
солтүстік
полюсі +90
°
Көктемгі
күн мен 
түннің 
теңелу 
нүктесі
Аспан
меридианы
З
енит
Н
адир
–90
°
Дүниенің
оңтүстік
полюсі
0
°


сағ
0

Аспан экваторы
Ең
істік дөң
гелегі
Сурет 2.11.
Экваторлық координаталар жүйесі
М


59
ПРОЕКТ
Аспан экваторымен екі нүктеде, яғни көктемгі күн мен түннің теңе-
лу нүктесінде 

= 0 сағ, 

= 0
°
қиылысатын әрі орталық нүктесі дүние 
полюсімен сәйкес келмейтін шеңбер эклиптика деп аталады.
Жазғы күн тоқырау нүктесі солтүстік жартышарда эклиптиканың 
еңістік дөңгелегімен 6 сағ мәнінде, ал қысқы күн тоқырау нүктесі оң-
түстік жартышарда 12 сағ мәнінде қиылысқан тұста орналасқан.
Карта жиегін ала күнтізбелік айлар және күндер көрсетілген. Олар 
Күннің эклиптикадағы орнын анықтайды.
Қондырма дөңгелекте географиялық ендік мәндері жазылған сопақ 
пішінді тұйық сызықтар көрсетілген. Оның орны мен пішіні бақылау-
шының Жер бетінде орналасуына, яғни оның тұрған орнының геогра-
фиялық ендігіне тәуелді. Бақылаушының орналасу орнының ендігіне 
сәйкес бұрыштық белгі салынған қисық бойымен қиып алғанда, оның 
тұйық жиегі осы орынның математикалық горизонтқа (көкжиегіне) 
сәйкес болады. Көкжиек бойында дүниенің «төрт бұрышы» белгіленген. 
Егер оңтүстік пен солтүстік нүктелерінің арасында жіп керілген болса, 
онда ол аспан меридианын көрсетеді. Осы жіптің орта шенін жуықтап 
зенит ретінде санауға болады. Оның дәл орны керілген жіптің Жер енді-
гі 

-ге тең аспан ендігімен қиылысқан нүктесіне сәйкес келеді. Мысалы, 
Алматы үшін (

= 43,25
°
) зениттің аспандағы орны картада 

= 43,25
°
ендік шеңберін сызып, сол шеңбердің талтүстік сызықпен қиылысқан 
нүктесін белгілеу арқылы анықталады. Қондырма дөңгелектің жиегі
24 сағ-қа, ал әр сағат 6 бөлікке бөлінген. Бұл дөңгелекте сағат сандары-
ның мәні жергілікті уақыт бойынша белгіленген. Бақылау кезінде бұл 
жайт есте болу керек. Қондырма дөңгелектің ойылып алынған жерін 
мөлдір қағазбен желімдеп жапсырып, онда талтүстік (меридиан) сызығы 
мен зенит орнын белгілесе және картаны дүненің солтүстік полюсі нүк-
тесінен шегеге қондырса, жылжымалы карта қолдануға ыңғайлы болады.
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының көмегімен әртүрлі 
астрономиялық есептерді шеше аламыз. Берілген орындағы жұлдыздар-
дың шығуы, батуы, жоғары және төмен шарықтауының, яғни көкжиек-
тен ең биік және ең төмен орналасуының қай күні, қай уақытта өтетінін 
анықтауға болады. Мәселен, берілген күннің белгілі бір уақытында жұл-
дызды аспанның көрінісін анықтау үшін қондырма дөңгелегінің сағат-
тық жиегіндегі уақыт шамасы картаның жиегіндегі күн санымен сәй-
кестендіріледі. Осы кезде ойық ішінде аспанда көрінетін жұлдыздар пай-
да болады. Шарықтау шегінде талтүстік сызық бойындағы жұлдыздар-
дың дүниенің солтүстік полюсінің оңтүстік жағындағылары жоғары, ал
оның солтүстік жағындағылары төменгі шарықтау сәтінде орналасады. 
Шығып келе жатқан жұлдыздар көкжиектің шығыс бөлігінде, ал батып 
бара жатқандары батыс бөлігінде орналасады.


60
ПРОЕКТ
5. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын (ЖАЖК) қолдануға 
мысал келтірейік. Қазақ халық астрономиясында кейбір жұлдыздар мен 
шоқжұлдыздардың шығу және бату заңдылықтарын тұжырымдайтын 
жұлдыз ережесі бар. Солардың бірінде Үркер, Үшарқар (Таразы) және 
Сүмбіле «үш айда туып, бір айда батар» деп айтылады.
Осы ереженің растығын және оның қай мезгілде орындалатындығын 
ЖАЖК-ын қолданып тексерейік. Бұл ережеде аспан шырақтарының ең 
соңғы кешкі батуы мен таңер-теңгі ең алғаш тууы туралы айтылған. 
Олар бақылаушының тұрған орнының географиялық ендігіне де тәуелді. 
Біз қондырма дөңгелекті эллипс пішінді қисықтың 

= 45
°
мәніне сәй-
кес кесіп алып қолданамыз.
Қондырма дөңгелекті карта бетіне орналастырып, дөңгелекті жоғары-
да аталған шырақтар оның ішкі жиегінің батыс тұсында орналасқанша 
айналдырамыз. Сөйтіп, сағаттық дөңгелектен және айлар мен күндер 
көрсетілген жиектен аталған шырақтар, жуықтап алғанда 5–15 мамыр 
аралығында, келесі ретпен: Үркер, Үшарқар (Таразы) және Сүмбіле 
жергілікті уақыт бойынша 20 сағ кезінде бататынын анықтаймыз.
Қондырма дөңгелекті сағат тілінің қозғалу бағыты бойымен айнал-
дыра отырып, бірінші болып Үркер туатынын байқаймыз. Үркердің 
жуықтап алғанда тууы – маусымның 23 күні жергілікті уақыт бойынша 
2 сағ-та болады. Дәл осылайша Үшарқар (Таразының) шамамен шілде-
нің 27-де 3 сағ 25 мин-та, ал Сүмбіле 20 тамызда 3 сағ 5 мин-та туатынын 
анықтаймыз. Сондықтан қазақтар арасында «Сүмбіле туса су суиды» деп 
күз маусымының басталғанын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет