Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет47/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   219
§11.
 
жЕргіЛіКті, БЕЛдЕуЛіК жәНЕ БүКіЛәЛЕМдіК уАҚЫт


65
ПРОЕКТ
Мұндай дене ретінде Күн немесе кез келген жұлдыз алынуы мүмкін.
Олай болса, біз 
күн тәулігі
және 
жұлдыз тәулігі
деген ұғымдарды 
ажырата білуіміз қажет.
2.
Нақты және орташа күн тәулігі.
Күн шарығының (дискісінің) 
орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сәті 
нақты талтүс
деп, ал тө-
менгі шарықтауы 
нақты түн ортасы
деп аталады.
Күннің екі аттас шарықтау аралығы 
нақты күн тәулігі
деп аталады. 
Бірақ мұндай тәуліктің ұзақтығы жыл бойы тұрақты болмайды. Бұл 
Күннің көрінерлік қозғалысы экватор емес, эклиптика бойымен өтуінен 
әрі біркелкі еместігінен туындайды. Сондықтан күнделікті өмірде 
ұзақтығы тұрақты 24 сағ болатын 
орташа күн тәулігі
пайдаланылады.
Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалып-
ты қозғала отырып, бір жылда толық айналым жасайтын жорамал 
нүктенің 
(
бұл нүкте орташа күн деп аталады
)
 аттас екі рет шарық-
тауға қажет уақыт аралығы қабылданады.
Күн тәулігінің басы түн ортасынан, яғни Күннің төменгі шарықтауынан 
басталады.
3. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт.
Күннің аспан 
меридианы арқылы өту сәті, әрине, бақылаушы орнының географиялық 
бойлығына тәуелді. Бақылаушы шығысқа қарай жылжыған сайын Күн-
нің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады. 
Демек, Күннің меридиан арқылы өту сәті бізге 
жергілікті орынның күн 
уақытын береді
. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген 
географиялық меридианда ғана қолданылатындықтан, күнделікті өмір-
де 
белдеулік уақытты
қолдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті полюстер-
ді қосатын сызықтар көмегімен 24 
сағаттық белдеулерге
бөлінген. Әр 
сағаттық белдеу бойлық бойымен 15
°
-қа созылады. Әр белдеудің ішін-
де оның орталық меридианындағы орташа күн уақыты осы аймақтың 
белдеулік уақыты ретінде алынады.
Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан 
нө-
лінші
меридиан ретінде қабылданған және ол белдеу нөлінші сағаттық 
белдеу (сурет 2.11) болып табылады. Гринвич меридианындағы жергі-
лікті орташа күн уақыты 
бүкіләлемдік уақыт
ретінде қабылданған.
1 сағаттық белдеудің (
n
= 1) орталық меридианы Гринвич меридианы-
нан 15
°
шығысқа қарай орналасқан. Басқа сағат белдеулерінің де бас-
тапқы меридиандары осылай анықталады. Ал олардың екі жақ шегара-
лары мемлекеттік және әкімшілік шегаралары бойынша немесе табиғи 
аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасы-
ның аумағы арқылы 4 және 5 сағаттық белдеу өтеді.
Бүкіләлемдік уақытты (
Т
0
) және берілген орынның белдеуінің реттік 


66
ПРОЕКТ
санын (
n
) біле отырып, белдеулік уақытты табу оңай:
Т
n

Т
0

n
. (2.4)
1930 ж. көктемде үкімет декреті бойынша КСРО аумағында 
декрет-
тік уақыт
енгізілді: барлық сағаттық 200 белдеулерде сағат тілі тұ-
рақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылды. Кейбір елдерде декреттік 
уақытты жаз айларында тағы 1 сағ ілгері жылжыту қабылданған.
Алматы және Астана уақыты (5 сағ-тық белдеу) бүкіләлемдік уақыт-
тан 6 сағ алда.
Т
5

Т
0
+ (
n
+ 1) = 
Т
0
+ 6 сағ.
Географиялық бойлығы 

болатын орындағы 
Т

жергілікті орташа 
күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлықтың уақыт бірлігіндегі 
мәнін қосу арқылы анықталады:
Т


Т
0


. (2.5)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет