132
ПРОЕКТ
1. Массасы 10 т жүк машинасы 36 км/сағ
жылдамдықпен, ал массасы
1 т жеңіл машина 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
Олардың
импульстері қандай?
2. Көлемдері тең болат және қорғасын шары бірдей жылдамдықпен
қозғалады. Олардың импульстерін салыстырыңдар.
3. Массасы 2000 т пойыз жолдың түзу бөлігінде жылдамдығын 36 км/
сағ-тан 72 км/сағ-қа дейін арттырды. Пойыздың
импульсінің өзгерісі
қандай?
4. Массасы 750 т кемедегі зеңбіректен кеме жүрісіне қарсы бағытта го-
ризонтқа 60
°
бұрыш жасай оқпан ұшты. Егер оқпанның массасы 30 кг,
ал оның кемемен салыстырғандағы жылдамдығы 1 км/с болса, онда
кеменің жылдамдығы қандай шамаға өзгерді?
5. Массасы 20 кг тыныштықта тұрған арбаның үстіне массасы 60 кг адам
отыр. Егер адам 1 м/с жылдамдықпен арба үстінде жүре бастаса, онда
арба Жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалар еді?
Үйкеліс ескерілмейді.
1. Мылтықтан оқ атқанда немесе зеңбіректен оқпан ұшып шыққанда
(сурет 4.5) мылтықтың да, зеңбіректің де
кері тебілу
қозғалысы орын
алады.
Әрекеттесуші денелердің бір-бірінен кері тебілу
құбылысы
реактивті қозғалыс
деп аталады.
Көптеген тіршілік иелерінің қозғалыстары да реактивті қозғалыстар-
ға жатады. Мысалы, сегізаяқ, кальмар, теңіз-құрт, медуза сияқты мұхит
жануарлары мен жәндіктерінің қозғалысы (сурет 4.6) кері тебілу құбылы-
сына негізделген. Олар бойларына судың белгілі массасын жинап алып,
қайыра ытқытып шығару арқылы ілгері қозғала алады. Мұхиттардағы
тіршілік иелерінің осындай реактивті
қозғалыс жылдамдықтарының
60 км/сағ шамасына дейін жететіні тіркелген.
2. Ньютон заңдарын қолданып,
механиканың негізгі есебін
шеш-
кенде міндетті түрде денелерге әрекет ететін күштерге жүгінуші
едік.
Достарыңызбен бөлісу: