-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер
қосымшаларының
қазақ тілінде əрқашан сөз арасын байланыстыру қызметін ат-
қармайтындығын да атап көрсетеді. Мысалы,
студенттер отыр,
кітаптар бар
деген сөйлемдердегі көптік жалғауларын (
-тер, -тар
)
алып тастасақ, сөз бен сөз арасындағы байланыс сақталады, тек
көптік жалғауымен келген сөздің ғана мағынасы өзгереді, яғни көптік
жалғауы сөз бен сөзді байланыстырушы қызмет атқарып тұрған жоқ.
Көптік жалғауының сөз бен сөзді байланыстыру қызметі сөйлемнің
бастауышы қызметінде жұмсалған екінші жақ жіктеу есімдігінің
көпше түрін баяндауыш мүшемен қиыстыра байланыстырғанда
ғана айқын көрінеді. Мысалы,
сендер барасыңдар, сіздер түсіне сіз-
дер,
т.б.
Ғалым К. Аханов грамматикалық категория атты ұғымның
табиғатын ашып, айқындай түсу үшін жəне грамматикалық кате-
39
гориялардың сөз таптарымен арақатысын баяндау үшін тіл
дер-
дің көпшілігіне тəн ортақ грамматикалық категорияларға тоқ-
талудың қажеттігін айтады. Зат есімнің сандылық категориясы да
түркі тілдеріне тəн ортақ категориялардың бірі. Жалпы сандылық
категориясының пайда болуы тіл-тілдегі бір заттан көп затты ажыра-
та білумен байланысты. Соның нəтижесінде əр тілдің даралық жəне
көптік ұғымды бір-бірінен ажыратудың өзіне тəн ерекшеліктері
қалыптасқан. Даралық жəне көптік ұғымдар затпен тікелей байла-
нысты, заттан тыс аталған ұғымдардың болуы мүмкін емес. Осыған
орай сандылық категориясы да сөз таптарының ішінде зат есімдерге
тəн категория ретінде анықталады.
Түркі тілдерінде, чуваш тілінен басқа, заттар мен құбылыстың
көптігін білдіру үшін көптік жалғауы кеңінен қолданылады. Бірақ
түркі тілдерінің деректеріне сүйенсек, көне замандарда көптік ұғымы
басқаша берілген. Əрине, ол кезде өмірлік тəжірибе нəтижесінде
жекелік жəне көптік ұғымдық категориялары болған. Алайда олар
тілде көрініс таппады. Мəселен, «ат сөзі ежелгі түріктердің түсіні-
гінде мəтінге байланысты əрі «ат», əрі «аттар» ұғымын беретін болған.
Ежелгі дəуір тілдерінде тым абстрактілі, шағын көлемді жинақтау
мəнді көпше түр жиі қолданылып, бұл адамның аса конкретті ой-
лауына сəйкес келді. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде
көптік жалғауының кеңінен қолданылатын
-лар, -лер
қосымшасы
жинақтау мəнді көне
-л, -р
немесе
-з (-ыз,-із)
көрсеткіштерінің кон-
таминациясы нəтижесінде пайда болған деп түсіндірілсе, К. Аханов
түркі тілдерінде бұл көрсеткіштердің шығу тегі айқындалмағанын
айтады.
Көптік жалғауының жалғануы зат есімдерді жекеше, көпше
топтарға бөлуге ғана негіз болмай, өзі жалғанған сөздерге көптік
мағынамен қатар жинақтау, сый тұту, құрметтеу, тұспалдау, бол-
жау мағыналарын да үстейді. Көптік жалғауының қолданысындағы
мұндай ерекшеліктер оның жалпы сөз бен сөзді байланыстырушылық
қызметінен басқа да қызмет атқаруынан көрінеді. А. Ысқақов, С. Иса-
ев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде көптік жалғауының қызметіндегі
мұндай ерекшеліктер кеңірек қарастырылып, ғылыми негізде
дəлелденген. Ғалым Ы. Маманов көптік жалғауының көптік форма
жасаудың бірден-бір көрсеткіші екендігін, тілде басқа көрсеткіштер
грамматикалық көптік форма көрсеткіші бола алмайтындығын
көрсетіп, соның негізінде көптік форманың контекске байланысты
негізгі көптік мағынадан басқа, жанама, қосалқы мағыналарды,
40
атап айтқанда, жалқы есімдер мен туыс атауларына жалғанып, бір
адамның тобы (
əкемдер, Мараттар,
т.б.), ортақтық мағына (
Достарыңызбен бөлісу: |