Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Б і р і н ш і б ө л і м



Pdf көрінісі
бет2/77
Дата28.09.2024
өлшемі457,37 Kb.
#146038
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

4
Б і р і н ш і б ө л і м
1. Грамматика жəне оның салалары
Жалпы грамматика гректің «grammatika», «gramma» – əріп, жазу 
деген сөздерінен шыққан. Грамматика ұғымы, біріншіден, тілдің 
құрылымы, яғни морфологиялық жəне синтаксистік категориялар, 
сөз тұлғалары мен синтаксистік құрылымдар, сөзжасам тəсілдерінің 
жүйесіне; екіншіден, тіл құрылымын зерттейтін тіл білімінің 
бір саласына; үшіншіден, жеке грамматикалық категориялардың 
қызметіне қатысты қолданылады. 
Сөздің сөйлемдегі қолданылу заңдылығын қарастыратын 
ғылым ретінде грамматика тілдің грамматикалық құрылысын, яғни 
грамматикалық бірліктерді байланыстыратын жəне олардың ара-
жігін ажырататын грамматикалық құралдар мен амал-тəсілдердің 
сөз тұлғасы, сөз құрамы, сөйлем құраудағы қызметін зерттейді. 
Сонымен қатар сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық 
мағыналары, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынас, 
сөздердің тұлғалану ерекшеліктері, бір-бірімен тіркесуі де грам-
матиканың зерттеу нысаны болып табылады.
Ғалым Қ. Жұбанов «грамматика өз алдына ғылым деп танылған 
соң жəне ол бірнеше ғылымдардан құралып пайда болған деп білгесін, 
алдымен грамматикаға кіретін ғылымдардың бəріне ортақ жалпы 
қасиетін ашып алу керек еді; əрі мұның бəрін де осы жалпы қасиет 
желісімен матастырып, өзара біріктіріп басын қосу керек еді; сондай-
ақ тіл ғылымының басқа тарауларымен грамматика пəндерінің ара-
сында қандай айырмашылық барын ашу керек еді» деген тұжырым 
жасай отырып, грамматиканы «тіл формаларын тексеретін тіл 
ғылымының бөлімі», «түрлі сөздердің жақын-алыстығын тер-
гей, əр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, 
оларға тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы» деп түсіндіреді. 
Ғалымның пайымдауынша, грамматика процесті қарайды. Басқаша 
айтқанда, 
морфология – қызметші; ол лексиканың қызметшісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет