Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет75/77
Дата28.09.2024
өлшемі457,37 Kb.
#146038
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

155
Глоссарий
Адвербиалдану
(латын. үстеу) – морфологиялық жолмен басқа сөз 
таптарынан үстеуге айналған сөздер.
Адьективтену 
(латын. сын есім) – басқа сөз таптарының сын есімге 
айналуы.
Аналитизм
(грек. жіктелу, ыдырау) – сөздің негізгі (лексикалық) 
жəне қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық) мағыналарын ажыратып 
білдіретін, синтетизмге қарама-қарсы типологиялық құбылыс. 
Аналитикалық форма 
(грек. жіктелген, дараланған; латын. құрамды, 
күрделі) – құрамы негізгі атауыш жəне көмекші жеке сөздерден тұратын 
грамматикалық форма.
Аналитикалық формант
– қосымша мен көмекші етістіктен құралған, 
етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты мағынаны 
білдіретін морфологиялық көрсеткіш.
Аффикс
(латын. жалғанған) – қосымша, түбірге жалғанып, 
грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, 
сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. 
Вербалдану 
(латын. етістік) – басқа сөз таптарына жататын сөздердің 
етістікке ауысуы. 
Грамматика
(грек. əріп, жазу д.м.) – тіл құрылысын зерттейтін тіл 
білімінің бір саласы.
Грамматикалану
– дербес мағыналы сөздердің көмекші сөз 
қызметінде жұмсалуы нəтижесінде лексикалық дербестігінен айрылуы. 
Грамматикалық категория
– мағынасы біртектес грамматикалық 
тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық мағына
– тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен 
сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тəн жинақты, дерексіз 
тілдік мағына. 
Грамматикалық форма
– грамматикалық мағынаның қалыпты 
көрінісін білдіретін тілдік белгі. 
Инфинитив
(латын. анықталмаған форма) – флективті жəне 
агглютинативті тілдердегі етістіктің қимыл атауының формасы, тұйық 
рай етістік. 
Көптік жалғау
– көптік ұғымды білдіретін қосымша. 
Көптік категориясы
– белгісіздік мөлшерін білдіретін категориялық 
тұлға.


156
Көпше форма
– заттың көп екендігін немесе көптік түрде 
қолданылатынын білдіретін категориялық форма.
Модальдылық
(латын. модальды) – айтылған пікірдің шындық 
болмысқа, сонымен бірге оған сөйлеушінің əртүрлі субъективтік 
бағасын білдіретін функционалды-семантикалық категория.
Модаль сөздер
– айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысы тура-
лы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер. 
Морф
(грек. форма д.м.) – мəтіннің морфемдік деңгейде əрі қарай 
жіктеуге болмайтын маңызды шағын бірлігі, морфеманың мəтіндік 
көрінісі.
Морфема
– əрі қарай жіктелмейтін, ең кішкентай белгі ретінде таны-
латын негізгі тіл бірліктерінің бірі. 
Морфология
(грек. форма жəне сөз туралы ілім д.м.) – сөздер мен 
сөз тұлғалардың құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін тіл 
білімінің бір саласы.
Морфологиялық парадигма
– сөздің грамматикалық мағынасы мен 
əртүрлі қосымшалар жалғану арқылы тұлғасының өзгеруі арасындағы 
сəйкестіктен жасалған модельдер, схемалар. 
Нөлдік форма
– сөйлемде кейбір сөздердің арнайы грамматикалық 
формасыз-ақ грамматикалық мағына білдіруі.
Парадигма
– 1. Кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, со-
нымен бірге бəріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік 
бірліктер тобы; 2. Осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу үлгісі 
мен схемасы; 3. Неғұрлым тар мағынада – морфологиялық парадигма 
терминінің синонимі. 
Прономиналдану
– басқа сөз табына жататын сөздердің есімдікке ай-
налуы. 
Септеу
– 1) есім сөз таптарының түрленуі; 2) жекеше, көпше септік 
формаларының жиынтығы.
Септік жалғауы
– сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланысты-
рып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі 
жалғанған сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
Септеулік шылаулар
– толық мағыналы сөздерге тіркесіп, əртүрлі 
грамматикалық қатынасты білдіретін шылаулар. 
Синтетикалық форма
(грек. қосу, құрастыру) – сөздің негізіне 
қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тəсілмен 
жасалатын сөз формасы.
Сөз табы
– өздеріне тəн лексика-семантикалық, морфологиялық 
жəне синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категория-
лары бар сөз топтары.
Сөзтұлға
– белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрған сөз. 


157
Субстантивтену
– басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге 
айналуы.
Тəуелдік жалғау
– бір заттың басқа бір затқа тəуелді, меншікті екенін 
білдіретін, зат есімнің тəуелдеу категориясының қосымшасы.
Тəуелдеу категориясы
– заттың үш жақтың біріне меншікті екенін 
білдіретін грамматикалық категория. 
Транспозиция
(латын. орын алмастырушы) – парадигмалық 
қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану; 
кең мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын; тар мағынада бір 
сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының 
қызметін атқаратынын білдіреді.
Формант
(латын. жасаушы, тудырушы) – 1) аффикс мағынасында; 2) 
сөзжасамдық жəне сөз түрлендіргіш қосымшалардың бірігуінен туған 
сөздің күрделі формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет