14. Одағай сөздер 1. Сөйлемдерден одағай сөздерді тауып, мағынасы мен
қызметіндегі ерекшелігін, тыныс белгілерінің қойылу себебін
түсіндіріңіздер.
- Шіркін, Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен
нұрың бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несіне
тудың екен?- деді. – Өй, өзің əкеңе шыныңды айтсаң, мұндай
қуанбас ең. Өтірік деген рақат екен-ау өзі, ə!.. Мəзсің ғой! - деп,
Абай күлген бойында тебініп жүре берді. – Қап, сорлы қылған тəңір-
ай, не қара басып еді?! – деді. – Əттең, Абай-ай, кеше əкең болыс бол
дегенде болмаймын деп, бас тартқаныңды қайтейін?! Тым құрыса,
елге жаның ашыр еді, - деді (М.Əуезов). О, шіркін, ақылға сыймас,
ақылға құлаш ұрғызған тəтті тіршілік-ай десейші! Сонсоң да «Ой,
тəйірі-ай, қан шығарғанға мəз болған аңшыны аңшы демей-ақ қой!»
деп отыратын. – Уай, мұнан артық не істейін деп едің-ей сен, аһ! Ой,
дүние-ай десейші, сол сапар Алтыбай ауылынан оралған Абзалдың
жан дүниесіндегі өзгеріс əлі есімде. Хош, сонымен Абзал Ақбілекті
алып қашты. – Бəсе, дəп өзі! – деді Тұрсын жұлдыздай ағып келе
жатқан ақбозды көргенде. - Жə, енді жалтақтайтын ештеңе жоқ,
көре жатармыз, - деді. Кешікпей-ақ сықырлауықтың қос беті бірдей
ашылды да: - Ассалаумағалейкүм! – деп Наймантайлар кіріп келді.
– Бəрекелді, Аққыз, аттың жалы, түйенің қомы өзіңдей аяулы заман-
даспен жолығысар жер ме еді! – Беу, айналайын Аққыз-ай, қисыны
келсе, құдайдың өзіне қыр көрсетуден тайынбас-ау! – деп, Аламан
кеңк-кеңк күліп алды (А. Сейдімбек).