Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
ертеңдері, т.б.), жас мөлшері (он сегіздерде, алпыс тардат.б.), т.б. 
мағыналарды білдіретіндігін айтады. 
Көптік жалғауы зат есімдердің жекеше жəне көпше түрлерінің, 
А. Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, жекелік, көптік айырысының 
ең басты грамматикалық белгісі болып саналады. Жекелік пен 
көптік мағына – бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар, құбылыстар. 
Олардың қарама-қарсылығы зат есімнің сандылық категориясының 
көрсеткіштері арқылы беріледі. Ғалым Н. Оралбай сандылық ка-
тегориясының көрсеткіштеріне нөлдік жалғау мен көптік жалғауын 
жатқызады. Оның ішінде нөлдік жалғау жекелік мағынаның, көптік 
жалғау көптік мағынаның грамматикалық көрсеткіші қызметін 
атқарады. Нөлдік жалғау ұғымын ғалым зат есімнің жекелік мəнін 
білдіретін нөлдік морфеманың бір түрі ретінде анықтайды. Ғалым-
ның пайымдауынша, нөлдік жəне көптік жалғауымен қолданылған 
зат есімдер сандылық категориясының тұлғасындағы сөздер болып 
саналады. Мысалы, 
Абай Біржанды Құнанбайдың осы үлкен аулына 
əдейі келтірген еді (М. Əуезов), Түнге қарай сырттағы дыбыстар 
үйдің ішіне анық естіледі (С. Мұратбеков) деген сөйлемдердегі 
Абай, Біржан, Құнанбайдың, аулына, үйдің зат есімдері сандылық 
категориясының жекелік, 
дыбыстар зат есімі көптік тұлғасында 
қолданылған. Жекелік мағына нөлдік жалғау арқылы, көптік мағына 
көптік жалғауы арқылы берілген. Грамматикалық категориялардың 
мағынасы жалпылама грамматикалық мағынаға негізделетініне 
байланысты сандылық категориясының жалпы грамматикалық 
мағынасы жекелік ұғым мен көптік ұғымның қарама-қарсылығына 
құрылады. 
Жалпы алғанда, зат есімнің сандылық категориясы – грам-
матикалық категориялар қатарында сандылық, сан-мөлшер, көптік 
ұғымдарымен түрліше аталып жүрген грамматикалық категорияның 
бір түрі.
Зат есімдердің тəуелденуі, яғни тəуелдік категориясы – 
түркі тілдерін басқа жүйедегі тілдерден құрылымдық жағынан 
ерекшелендіретін белгілердің бірі. Белгілі бір заттың иеленуші үш 
жақтың біріне меншіктілігін білдіруде тəуелдік категориясы арқылы 
меншіктеуші жақ пен меншіктелуші зат қатар көрсетіледі. Осы орай-
да тəуелдік категориясының бір тəсілі ретінде тəуелдік жалғаулары да 


41
ерекше қызмет атқарады. Тəуелдік мағынаның арнаулы қосымшалар 
арқылы берілуі – түркі тілдерінде ежелден келе жатқан тəсілдердің 
бірі. Тəуелдеу категориясы бір заттың екінші затқа меншіктелуімен 
қатар оның қай жаққа қатысты екендігін де білдіреді. Тəуелденіп 
тұрған зат есім арқылы оның біреуге меншікті екені əрі оны иеленуші 
меншік иесі анықталады. Тəуелдік жалғауы жалғанған сөз жекеше 
жəне көпше мағынада бірдей қолданылғанымен, меншіктелетін зат 
иесінің жекеше түрі оңаша тəуелдеу, көпше түрі ортақ тəуелдеу болып 
бөлінуімен ерекшеленеді. Тəуелдеудің ортақ жəне оңаша түрлеріне 
қатысты ғылыми еңбектерде түрліше тұжырымдар жасалады. Атап 
айтқанда, А. Ысқақов сөздің жекеше түрде тəуелденіп, бір заттың 
бір ғана адамға я затқа, ал сөз көпше түрде тəуелденіп, көп заттың
я біртектес бірнеше заттың бір адамға я бір затқа ғана меншіктілігін 
білдіретін түрді оңаша тəуелдеу деп анықтаса, Н. Оралбай ортақ 
жəне оңаша тəуелдену деп бөлуде меншікті заттың иеленушісінің 
жекелігі немесе көптігі негізге алынатындығын ескеріп, бір не көп 
заттың бір адамға меншіктілігін оңаша тəуелдену, бір не бірнеше 
заттың бірнеше зат я адамға ортақтығын ортақ тəуелдену деп си-
паттайды. Бұл ұғымдар А. Байтұрсыновтың еңбегінде зат есімдердің 
оңаша тəуелді жəне ортақ тəуелді қалыптары деп аталады. Ал 
Ы. Маманов ортақтық мағына білдіретін қосымша тек бірінші жақта 
(
-ымыз,-іміз) ғана болғандықтан, тəуелді форманы ортақ тəуелдеу 
жəне оңаша тəуелдеу деп бөлуді тілдік дерек қуаттамайтындығын 
ескертеді. Соған қарамастан, қазақ тілінде тəуелдеудің аталған 
түрлері, олардың өзара ерекшелігі əбден орныққан, теориялық 
негіздері қалыптасқан деуге болады.
Зат есімнің тəуелдік мағынасы тек тəуелдік жалғаулары арқылы 
ғана емес, сонымен қатар сөз түбіріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет