25
2 айлық ұрық 5 ай ұрық нәресте 2 жас 6 жас 12 жас
18 жас
Сурет: 1-15.
Жастық кезеңдердің дене динамикасының пропорциялық
ерекшелігі
ЖРВИ және басқа инфекциялық
аурулармен жиі аурушаңдық
сақталады. Организмнің сенсибилизациялануы үдей түсуіне байланысты
бронхиалдық астма, ревматизм,
геморрагиялық васкулит, нефрит және
басқа созылмалы аурулар үлесі ұлғаяды. Қажетті тәлім дағдылары
болмағандықтан, қозғалыс жоғарылығы жиі жарақатқа әкеледі.
Бастауыш мектеп кезеңі (7-11 жас)
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі сипаттамасы төмендегідей (1-16
сурет).
Жыныстық ерекшеліктер пайда болады (аналық без, жатыр,
аталық без, қуықасты безі айқын дамиды, құрылысы мен
функциясында сапалы өзгерістер болады.
Сүт тістер толық тұрақты тіске ауысады.
Жүйке жүйесінің қалыптасуы аяқталады, ми қыртысы
құрылысы бойынша ересек адамдардікіне ұқсайды.
Тыныс
және
жүрек-тамыр
жүйелерінің
физиологиялық
параметрлері ересек адамдардікіне жақындайды.
26
Сурет. 1-16.
7,5 жастағы ұл мен қыз
Тіндердің құрылыстық саралануы аяқталған, дене массасы және ішкі
ағзалар әріқарай ұлғаяды. Дене бөліктерінің пропорациясы өзгереді (1-15
сурет). 1 жастан жыныстық жетілудің алғашқы белгілері дамығанға дейінгі
кезеңі – жыныстық инфантилизм кезеңі деп бағалайды. Ептілік,
жылдамдық,
шыдамдылық
сияқты
қозғалыс
дағдылары
дамиды,
сарапталған ептілік әдеттері – жазу, қолөнері жақсы дамиды. Жоғары
жүйке қызметінің дамуы жалғасады, мида метаболиттік үрдіс айтарлықтай
күшейеді, есте сақтау қабілеті, интеллекті жоғарылайды, ерік-жігер қасиеті
дамиды. Бұл кезеңде әлеуметтік жағдай өзгереді (мектепте пәндік білім
алуға көшеді),
жасөспірімге талап жоғарылайды, өзін-өзі бағалауы
жоғарылайды. Бастауыш сынып жасы аяғына қарай (препубертаттық
кезең), мидың құрылымды – функционалды жетілу денгейіне қарай,
жоғарғы психикалық үрдістер негізінде
жататын нейфрофизиялогиялық
механизмдері жетілденеді, баланың функционалдық және бейімделушілік
мүмкіндігі артады.
Инфекциялық, асқазан – ішектік және аллергиялық
аурулар жиілігі сақталады. Мектептегі сабақтар айтарлықтай оқушының
қозғалысын шектейді, дене бітімінің бұзылысы және көз көруінің төмендеу
проблемасы туындайды. Жиі созылмалы
инфекциялар ошағы байқалады
(кариес, тонзиллит, холецистит).
Достарыңызбен бөлісу: