341 Бұзылыс түрі Анықтамасы Себебі Никтурия
Түнгі диурездің күндізгі
диурезден басымдығы
Бүйрек жұмысының бұзылуы. Никтурияға
бейімділік әртүрлі бүйрек ауруларына тән,
ал
никтурия
–
созылмалы
бүйрек
жеткіліксіздігінде
Ісінулер Ісінулер – бүйрек ауруларында жиі кездесетін симптом.
Ісіну пайда болу себептері:
қанда ақуыз концентрациясының, әсіресе альбуминдердің азаюынан
плазманың онкотикалық қысымының төмендеуі;
гиалуронидаза
белсенділігі
арту
есебінен
капиллярлардың
өткігіштігінің жоғарылауы;
натрий мен су реабсорбциясының ұлғаюын анықтаушы, ренин-
ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі;
шумақтық фильтрацияның төмендеуі.
Ісінулер жедел және созылмалы гломерулонефритте, амилоидозда,
уремияда, ауыр металдардың тұздарымен улануларында кездеседі.
Нефротикалық синдром Нефротикалық
синдром
–
төменгі
бұзылыстарды
қамтитын
симптомокомплекс:
ісіну;
айқын протеинурия (тәулігіне 50мг/кг-нан жоғары);
гипопротеинемия (гипоальбуминемия);
гиперлипидемия.
Нефротикалық синдромның клиникалық түрлері:
толық – барлық симптомокомплексі бар;
толық емес – ісінулер немесе нефротикалық синдромның
зертханалық симптомдарының бірінің болмауы;
Сурет 10-27. Нефротикалық синдром (анасарка)
342
таза – не гематурия мен, не АГ мен қосарланбауы;
аралас – гематурия мен, немесе АГ мен қосарлануы.
Нефротикалық синдром біріншілік немесе екіншілік болуы мүмкін
(кесте 10-9).