116 Зақымдалу түрі Зақымдалу сипаты және оның диагностикалық маңызы «Сары тырнақ»
синдромы
Балаларды тыныс жолдары ауруларымен ауырғаннан кейін
пайда болады: тырнақ өсуі тежеледі, олар сары не сары-жасыл
түске боялады және көлденең сызықтар пайда болады
Онихогрифоз
Туа біткен дистрофияда «тырнақ табанды» тырнақтар
қалыптасады
Тістелген тырнақ
Тырнақтың тұрақты тістелуі невроздарда, психикалық
шиеленісті жағдайда байқалады
Паронихий
Тырнақ айналасындағы білікше терісінің қабынып ісінуі және
қызаруы
Тырнақтың болмауы
және жеткіліксіз өсуі
Туа біткен эктодермальды дисплазияда байқалады
Тырнақтың
саңырауқұлақты
зақымдалуы
Тырнақтар деформациясымен, оларда ұсақ шұңқыршалар мен
жарықтар пайда болуымен байқалады. Тырнақтар мөлдірлігін
жоғалтады, сарғаяды, қалыңдайды, кейде тырнақ түсіп қалады
Тырнақ түсуі
Тырнақ астында гематома пайда болғанда (жарақаттанғанда),
порфирияда (тырнақ қызыл реңк алады), акродинияда,
эпидермиолиздік дистрофиялық түрінде
Шаш зақымдалуы (кесте 5-10).
Кесте 5-10. Балаларда шаштың зақымдалу түрлері
Шаштың зақымдалу түрлері Зақымдалу сипаты және диагностикалық маңызы Жалпы шаш түсу
(алопеция)
Туа пайда немесе тамақтану бұзылыстарында, анемияда,
созылмалы интоксикацияда, гиповитаминоздарда, уланғанда
(мысалы, күшәламен улану), кейбір инфекциялық ауруларда
(скартлатина, сүзек) және инфекциялық емес ауруларда
(ЖЖЖ), гипотиреозда болуы мүмкін
Ошақты шаш түсу
Мерезде, құрамында таллий бар тағамдардан уланғанда,
шаштың саңырауқұлақты зақымдалуында және т.б. Шүйде
тұсында шаш түсуі бала өмірінің алғашқы жарты жылында
рахитке тән
«Қырқылған
аймақтың» пайда
болуы
Шаштың саңырауқұлақты зақымдалуы (саңырауқұлақтың
Microsporum түрімен). Бас терісінің шашты бөлігінде сау
теріден шектелген, дөңгелек қызыл ошақтар пайда болады.
Түбіріне жақын аймақта шаш сынғыш болады, сондықтан
қырқылған сияқты аймақтар қалыптасады