127 Нәрестелерде келесі жағдайлар кездеседі:
Нәресте склередемасы – тері және теріасты шел қабатының өзіндік
ісінуімен, олардың сәл тығыздалуымен сипатталатын патологиялық
жағдай. Әдетте, жетілмей туған және әлсіз нәрестелерде алғашқы 3-4
күнде байқалады.
Нәресте склеремасы тері және теріасты шел қабатының басқанда
шұңқырлардың болмауымен айтарлықтай тығыздалуымен (алақан,
табан, жыныс ағзалары зақымдалмайды), баланың ауыр жағдайымен,
төменгі жағының және сирақтарының қозғалысының шектелуімен
сипатталады.
Бет, мойын, дененің жоғарғы бөлігінің және қолдың проксимальді
бөлігінің теріасты шел май қабатының тығыздалуы және ісінуі
Бушке ауруында (үлкендердің склередемасы) байқалады. Терінің және теріасты
шел қабатының тығыз ісінуі жүйелі склеродермияның бастапқы кезеңінде
зақымдалған ошақтарында байқалады.
Теріасты шел-май қабатының ошақты тығыздалулар қабыну
инфильтраттармен, фиброзды немесе ісікті түйіндермен, сондай-ақ май
тінінің жергілікті жиналуымен (липомамен) көрінуі мүмкін.
ІСІНУЛЕР Ісінулер балалардың кез келген жасында дамиды. Сонымен жайылған
ісіну нәрестенің гемолитикалық ауруының ісінуі түріне тән. Жайылған ісік
сулы-электролитті балансты реттеуші және/немесе сұйықтықты тамырлар
арнасында ұстауға бейімдеуші әртүрлі механизмдердің бұзылысынан
пайда болады. Жергілікті ісінуді әр-түрлі факторлар туындатады (кесте 5-
13).
Жүрек, бүйрек және басқа ішкі ағзалар ауруларында ісінудің
қалыптасуы
бірнеше
патологиялық
факторлардың
қосарлануынан
туындайды.
«Жүректік» ісіну. Жүрек жеткіліксіздігінің ерте кезеңдерінде ісіну
табанында («тар аяқ киім» синдромы) және сирақтың төменгі үштен бір
бөлігінде; кешкілік ұлғаяды және түнгі демалыстан кейін азаяды. Кейіннен
санға, ішке және бел тұсына таралады, дене қуысының шемені дамуы
мүмкін.