Оқулық «гэотар-медиа»


Қандай май қышқылдарының басымдылығы нәрестенің және



Pdf көрінісі
бет89/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

3. Қандай май қышқылдарының басымдылығы нәрестенің және 
өмірінің алғашқы айларындағы баланың май консистенциясының 
тығыздығын анықтайды?
A. пальмитинді; 
B. стеаринді; 
C. олеинді; 
D. линоленді. 
Дұрыс жауаптар: 1 – В; 2 – С; 3 – А, В. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сурет 6-1.
Ұрықтың қаңқасы: а - бас 
сүйек әртүрлі сүйектерден тұрады; б - 
кеуде 
қуысы 
көлденең 
тұрған 
қабырғалармен конус тәрізді; в – жамбас 
сүйегі тар, шұңқыр тәрізді, ұршықтық 
ойыс дамымаған 
Тарау 6 
 
Тірек-қозғалыс жүйесі 
 
Тірек-қозғалыс 
аппараты 
сүйектерден, 
бұлшықеттерден, 
байламдардан, сіңірлерден, шеміршектерден, буындардан және буын 
қапталарынан тұрады. Ол дене орнын ауыстыруды және кеністікте
қозғалуды қамтамасыз етеді. 
6.1. СҮЙЕК-БУЫН АППАРАТЫ 
 
ТІРЕК-ҚОЗҒАЛЫС ЖҮЙЕСІНІҢ
АНАТОМДЫ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШІЛІГІ 
 
СҮЙЕК ТІНІНІҢ ДАМУЫ 
 
Сүйек тіні тікелей мезенхимадан - 
жарғақты остеогенез
(бас сүйегі) 
немесе шеміршек моделі негізінде - 
шеміршек остеогенезі
(жілік 
сүйектері) дамиды.
Сүйек 
жүйесінің 
негізгі 
сарапталуы 
жүктіліктің 
4-8 
аптасында жүреді (6-1 сурет).
Шеміршекті 
остеогенезде 
алдымен 
сүйектің 
шеміршекті 
моделі, онан соң сүйектену жүреді: 
периостальді 
немесе 
энхондральді
(6-2 сурет). 
БАЛАЛАРДАҒЫ СҮЙЕК
ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 
EРЕКШЕЛІГІ 
Туған кезде оссификация толық 
қалыптаспайды. 
Жіліктердің 
диафизы сүйек тінінен тұрады, ал 
эпифизы және қол ұшының кемікті 
сүйектері 
шеміршекті 
тіннен 
тұрады. 
Құрсақішілік 
дамудың 
соңғы 
айында 
эпифиздерде 
сүйектену нүктелері пайда болады.


132 
Сурет 6-2
. Түтікшелі сүйектің дамуы: I - диафизде сүйектенудің біріншілік 
орталығы; 2 - біріншілік сүйектену орталығы және субпериостальді сүйек 
қабаты; 3 - эпифизде сүйектену орталықтары; 4 - эпифизиарлы 
пластинкалардан және буындық беттерінен басқа барлық сүйектер сүйекті 
тіннен тұрады; 5 - бала сүйегі (а - өсу аймағы, б - қалың сүйек қабығы, в - 
қанмен қамтамасыз етудің ерекшеліктері) 
Бірақ көп сүйектерде сүйектену нүктелері туған соң алғашқы 5-15 жасында 
дамиды, олардың пайда болу кезектілігі тұрақты. Балалардағы сүйектену 
ядроларының барлық жиынтығы оның биологиялық даму деңгейінің 
маңызды сипаттамасы болып табылады және ол «сүйектік жас» деп 
аталады. 
Туғаннан кейін сүйек өсуі қарқынды: ұзындығы - өсу аймағы 
арқасында (эпифизиарлық шеміршек); ал қалыңдығы - сүйек қабықы
арқасында, оның ішкі қабатында жас сүйек жасушалары сүйек 
пластинкалары қалыптасады
(сүйек тінінің периостальды қалыптасу әдісі). 
Нәрестелердің сүйек тіні борпылдақ іріталшықты торлы (будалы) 
құрылымды. Өсу барысында сүйектің бірнеше рет қайта құралуы жүреді, 
3-4 жасына талшықты торлы құрылымы пластинкалы екіншілік гаверсты 
құрылымдарына ауысады. Балаларда сүйек тінінің қайта құрылуы - 
қарқынды үрдіс. Өмірінің бірінші жылында сүйек тінінің 50-70% 
ремодельденеді, ал үлкендерде жылына - тек 5%.


133 
Баланың сүйек тінінде үлкендерге қарағанда минеральдық заттары аз 
және органикалық заты мен суы көп. Талшықты құрылымы және 
химиялық құрамының ерекшелігі жоғары серпілділігін негіздейді: 
балалардың сүйегі оңай иіледі және деформацияланады, бірақ аз сынғыш. 
Сүйек беті салыстырмалы тегіс. Сүйек шодыры баланың дамуына сәйкес 
және бұлшық еттің функциясының белсенділігіне қарап қалыптасады.
Балалардың сүйек тінінің қанмен қамтамасыз етілуі қарқынды
сондықтан 
сүйектің 
өсуін 
және 
сынықтан 
кейін 
жылдам 
регенерациялануын қамтамасыз етеді. Қанмен қамтамасыз ету ерекшелігі, 
балаларда гематогенді остеомиелит дамуына бейімдейді (2-3 жасқа дейін 
жиі эпифизде, ал ересектерде - метафиздерінде).
Балалардың сүйек қабы үлкендерге қарағанда қалың (жарақаттағанда 
сүйек қабының сынығы және «жасыл бұтақ» сынығы түрінде пайда 
болады), және оның функциональдық белсенділігі айтарлықтай жоғары
сондықтан сүйек қалыңдығының жылдам өсуін қамтамасыз етеді.
Құрсақішілік кезеңде және жаңа туған нәрестеде барлық сүйектер 
қызыл сүйек кемікпен толтырылған, құрамында қан жасушалары және 
лимфоидты элементтері бар, олар қан тузу және қорғаныс функциясын 
атқарады. Үлкендерде қызыл сүйек кемік тек жалпақ сүйектің кеуекті 
ұяшықтарында, қысқа кеуекті сүйектерінде және жіліктердің эпифизінде 
болады. Жіліктердің диафизінің кемікті қуысында сары сүйек кемігі бар.
Он екі жасқа қарай баланың сүйегі сыртқы және гистиологиялық 
құрылымы бойынша үлкендердікіне жақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет